184
11-3-
сурет.
Көпмақсатты СББ
білдегіндегі диаметрі 1/2 дюйм
бүйірлік фрезаға түзетудің
мысалы
.
«Корп. Хаас Аутомэйшн (Haas Automation, Inc.)»
рұқсатымен
Фрезаға түзетуді пайдалану кезінде құралды бөлшектен «D» (№2 жол)
мәніне
қарағанда аздап үлкендеу қашықтықта орналастыру, бөлшекке оны қосқан кезде
көрсетілгендей (№6 жол) бір бағытпен таяну және операция аяқталған соң «G40» пәрменінің
(№10 жол) көмегімен фрезаға түзетуді тазарту маңызды болып табылады.
Кешірім
өтінемін, жону білдектеріне қайтадан оралсақ. «G40», «G41» және «G42» көп
мақсатты білдектердегідей жону білдектерінде де жақсы жұмыс істейді, бір ерекшелігі олар
жасайтын жұмыс фрезаға түзетудің орнына «
кескіш ұшының радиусына түзету» деп
аталады. Ереже негізі бұрынғыдай. Құралды позициялау, өңдеуді бастау, әсем шығу ‒ міне,
осылар да қажет. Айырмашылығы, кескіш ұшының радиусы жону құралын және соған
түйісетін жылжытуды шақырған кезде автоматты түрде іске қосылады.
Бағдарламаға берілген түсіндірмелердегідей, егер
бұл сіздің міндетіңізді
жеңілдететін болса, жолдардың нөмірлерін пайдаланыңыз. СББ білдектері
оларға ішкі бағдарлама сілтеме жасаған кезде ғана қызықты (осы тараудың
аяғына таман қарастырамыз). Алайда жолдардың нөмірлері ‒ қағаз таспалар
дәуірінің тағы бір сарқыншағы, ал көптеген
цехтар құралды алмастырған
сайын оларды барынша аз пайдалануға тырысады, мысалы, жаңа
операцияны тағайындау үшін.
Достарыңызбен бөлісу: