Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет123/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Тұғырықтардағы бөлшектер
Көптеген адамдардың санасында тұғырықтар дегеніміз абаттандырумен айналысатын 
адамдар шымыңызды жеткізу үшін қолданатын немесе ата-анаңыз Бермуд аралында 
демалып жатқан кезде, ашушаң Сара тәтей сізді ұйықтауға мәжбүрлеген қолдан жасалған
төсек ретінде қалып қойған. Алайда сіздің болашақ механикалық көп мақсатты білдек 
орталығыңызды (ВМС) сатып алуды кейінге қалдыруға мәжбүр етуі мүмкін азырақ танымал 
тұғырық түрлері де бар, себебі енді сізде артық қуат бар.
ОСЫ ТАРАУДА 
1.
Қатталатын бөлшектер 
2. 
Айналмалы үстелі бар білдекті 
айналдыру үшін қолдану 
3. 
Шыбықты білдекке беру
4. 
Роботпен мәңгілік жақын дос 
болу 
5. 
Алдын ала баптау қондырғысымен 
автономды режимге көшіру 
6. 
Қысыммен салқындату 


127 
Бөлшектерді бекіту қондырғысы бар құрылғылар-серіктер алюминийдің немесе 
темірдің жайпақ кесектері, бекіткіштерді, атауыздарды және патрондарды орнатуға болатын 
тұғырнамалар болып табылады. Өзінің ең қарапайым нұсқасында тұғырықтар кішкентай және 
кейін ол нөлдік нүктенің көмегімен немесе соған ұқсас басқа тез алмастырылатын аспаптық 
сайманмен тұрған орнында қысылатын, оны көтеріп, машинаның ішіне орнатуға болатындай 
жеткілікті деңгейде жеңіл болып келеді.
Машинаға үңіліп, атауыздардың саптамасын айналдырудың немесе артынан шикізаттың 
жаңа партиясын жүктеу үшін кері тәртіппен үдерісті толығымен қайталау мақсатында, 
өңделген әзірлемені алып тастау үшін бір топ бұрандаларды босатудың орнына тұғырық 
алынып тасталынады, ал жаңасы оның орнына бұрылу немесе бастырманы басу арқылы 
кіреді. Содан соң сүмбі айналып жатқанда, ал білдек кіріс кіргізіп жатқанда, бөлшекті 
орындықта отырып қадағалауға да болады.
Бөлшекті дәстүрлі тәсілмен алмастыру үшін 60 секунд (оптимистік сан) қажет 
болады деп, ал тұғырықтағы бөлшек 10 секундта жүктеледі деп пайымдай 
отырып, бір бөлшекке шаққандағы бос жүрістің уақыты 80 пайыздан астамға 
қысқарады. Цехтың қуаттылығын сағатына 100 доллармен пайдалану
коэффициентінде бұл әрбір бөлшекке шығатын шығынның 1,39 долларға 
қысқаруын білдіреді. Екінші жағынан алғанда, егер машина орта есеппен 
сағатына 10 дана шығарған болса, тұғырықтарды енгізу жылына қосымша 
3225 дананы шығаруға мүмкіндік береді (бір ауысымда және жылына 250 
жұмыс күнінде жұмыс істеген жағдайда) немесе 32 000 доллардан астам 
қосымша кіріс кіргізеді.
Бұл мұзтаудың тек көрінетін басы ғана. Тұғырықтарды қолдану қайта баптау уақытын 
қысқартуға, техникалық бақылау кезінде тоқтап тұру уақытын қысқартуға және адамсыз 
режимде өңдеуді орындауға мүмкіндік береді. Осыдан бір нәрсе түйгіңіз келеді ме? Мен келесі 
бөлімдерде осыны қалай жасаудың бірнеше тәсілі туралы талқылаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет