Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет131/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Шыбыққа кіріспе 
Енді барлық дайындық жұмыстары жүргізіліп біткен соң сіздің конвейерден шыққандай 
жаңа жылтыраған шыбықты беру қондырғыңызды таңдайтын да кез келді. Әрі таңдау 
мүмкіндіктері жеткілікті. Сіз ойланамын дегенше бірнеше минутты ағымдағы және келешектегі 
өндірістік қажеттіліктерді анықтауға жұмсау дұрыс болады.
Егер бөлшектердің көлемі үлкен болмаса, ал шақтамалар айқын болмаса, онда 
қарапайым қымбат тұрмайтын беріліс механизмі қажет болуы мүмкін. Егер сіз өзіңіз үйде 
отырып, «Сот Джудиді» көріп, ал түні бойы қатқыл шақтамасы бар бөлшектерді өңдеуге 
қосқыңыз келсе, онда журналдан шыбықты беру қондырғысын зерттегеніңіз жөн, несиелік 
желіңіз де бұзылмаған болар еді. Сонымен, білуіңіз тиіс нәрсе: таңдалған шыбықты беру 
қондырғысының маркасына қарамастан итергіш технологиясының бірнеше түрлері мен өңдеу
кезінде шыбықты сүйемелдеудің көптеген тәсілдері бар.
Жұмыс кезіндегі тарсыл туралы 
Кейбір шыбықты беру қондырғылары мүлдем ешқандай да сүйемелдеу қондырғысын 
ұсынбайды. Егер сіз бәрін үнемдейтін болсаңыз және шыбықты беру қондырғысын қолдан 
жасағыңыз келсе, онда бір-екі тіреуді дәнекерлеп, еденге қалың қабырғалы құбырды бекіте 
аласыз. Шыбықты артқы бұрышқа жүктеңіз, оны патронға салыңыз, ал кеттік. Ол қатты шулы 
дыбыс шығарады және де сіздің түптеп келгенде шыбықты беру қондырғысына қарағанда есту 
аппаратына көбірек ақша жаратуыңыз мүмкін, алайда бәрі жұмыс істеп тұрған жоқ па?
Әрине, сізге әрбір бөлшекті әзірлеген соң материалды алға жылжыту тәсілі қажет 
болады (егер сіздің ол жерде аздап білікті берудің мәнін бұзатын, шыбықтың ұшын еден 
жуғышпен итермелеп, күні бойы тұрғыңыз келмесе). Сіздің жолыңыз болды, шыбықты беру 
қондырғысы айналғыш қалпақшаға қондырылған, шыбықтың ұшын қармап алып, цанга 
ашылған соң, оны алға қарай тартатын серіппелі қондырғы болып табылады.
Тура осылайша, пневматикалық және барабан тәрізді шыбықты беру қондырғысы
(кейде «гравитациялық беріліс» деп аталатын) шыбықтың жай салбырап тұруы мен металл 
құбырдың ішінде салдырап жүруіне жол береді. Материалдың көп көлемін беру уақыты келген 
кезде, цанга ашылып, пневматикалық немесе механикалық итергіш оны білдектің ішінде 
орналасқан сүмбі арқылы айналғыш қалпақшаға итермелеп, өзекшенің ұшына қысымды 
береді. Біздің кезімізде олар сирек қолданылғанымен, бір кездері олар бұрандалы машиналар 
шығаратын цехтарда сәнге айналған болатын, алайда біз нашар еститін бола бастағандықтан, 
басшылық анағұрлым тыныштау, гидроберілісте жұмыс істейтін шыбықты беру 
қондырғысына инвестиция жасаған дұрыс деп шешті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет