Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет139/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жұмсақтау болу 
Егер сіз құралдарды алдын ала баптаудың дербес қондырғыларына және теңдестіру 
қондырғыларына қаражат салуды жопарлаған болсаңыз (немесе олар бар болған жағдайда), 
онда осы құралдарды басқару үшін қосымша бағдарламалық жасақтама туралы ойланыңыз. 
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕ ТҮСІРУ


141 
Құралдарды басқару жүйесі немесе «TMS» сіздің цехыңыздағы құрал ұстағыштар мен кесетін 
құралдар туралы білгіңіз келгеннің барлығын сақтауға арналған орталықтандырылған орын 
болып табылады. Каталогтардан қосымша бөлшектерді іздеу немесе не нәрсеге тапсырыс 
берілгенін көру үшін жалпыұйымдық қорлардың жоспарлау жүйесіне (ERP) кірудің қажеті жоқ, 
сізде барлық өлшемдерді, орналасқан жерін, қорлар деңгейін және оларды тұтыну тарихын 
көретін, сондай-ақ жұмыс орнында қандай құжаттар және қашан қажет болатынын көретін 
жалғыз орын болады. Ал барлық дерлік құралдарды басқару жүйелері «CAD/ CAM» және 
«ERP» бағдарламалық жасақтамамен, құралдар мен білдектерді алдын ала баптау 
қондырғыларымен қамтамасыз етілгендіктен, осы бағдарламаланған жалғыз дұрыс 
нұсқасында ағын үздіксіз болып табылады. Басқаша айтқанда, «TMS» жүйесі осылардың 
барлығын бірге түйістіреді

Үлестіргіш ЭЕМ 
Біз аспаптық қойманың тақырыбын және «TMS» бағдарламалық жасақтамасын жайына 
қалдырудан бұрын олардың екеуінің де үлестіргіштерін қарастырып алайық: үлестіргіш ЭЕМ. 
Үлестіргіш ЭЕМ сіз түскі үзілісте шұжықты бутербродыңызға қосып жейтін майға қуырылған 
картопты шығарып беруден де көп нәрсе жасайды. Олар құралдың пайдаланылуын 
бақылайды, механикалық өңдеу орталықтары бойынша шығыс материалдарының шығынын 
үлестіреді, саймандарды басқарады және сізді ғимараттың екінші басына қолғап алу үшін 
барудан босатады.
Әлдекім қабылдау платформасындағы алғашқы ЭЕМ пайда болғанын көріп күрсінетін болар 
және корпоративтік үнемдеудің тағы бір көрінісі деп ойлап қалар, алайда олар біздің 
әрқайсысымыздың уақытымызды үнемдеуге септігін тигізеді және цехтардың барынша тиімді 
және табысты болуына жол ашады.
Машинаға карточкаңызды апарыңыз, пин-кодты енгізіңіз немесе басбармағыңызбен 
пернетақтадағы батырманы басыңыз, содан соң механизм сізге аспаптық қойманың 
операторынан тура соны тыңдау қажеттігінсіз керектінің барлығын береді. Ал ЭЕМ тікелей 
сіздің тапсырыс берушіңізбен немесе тіпті «TMS» бағдарламалық жасақтамаңызбен
байланысты болғандықтан, сіз енді ешқашан бұрғылардың немесе төлкелердің қоры
таусылып қалады деп уайымдамайтын боласыз (немесе сізде аспаптық жәшіктің астыңғы 
суырмасында жинауға қызығушылық пайда болуы мүмкін).
Үнемді өндірістің тағы бір басты қағидасы баспақалыптарды жылдам 
алмастыру дегенді білдіретін «SMED» болып табылады. Оны жапондық
инженер-технолог Шиего Синго ойлап тапқан, ол оны баспақалыптарды 
баптау уақытын сағаттардан минуттарға дейін қысқарту үшін пайдаланған. 
«SMED»-тің мақсаты машинаның жұмыс істеу кезінде одан тыс барынша 
көбірек қадамдар жасау және қалған басқаларын да жеңілдету болып 
табылады. СББ жону білдектері мен көп мақсатты білдектер 
қалыптамаларды пайдаланбағанымен, осы жерде де «SMED» өлшемдері
(осы тұрғыда үнемді өндірістің де) баспақалыптарындағыдай бір дәрежеде 
қолданымды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет