Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет151/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Маған қызмет етіңізші 
Көгілдір экранда шынайылық көрінісін білдіре отырып, толқынды сызықтар 
қолданылған жағдайда, заманауи АЖЖ жүйелері таңбалауға, кесуге және қуыс қаңқалардың 
суретін салу қажеттігінсіз үш өлшемді кеңістіктерде қатты кескіндерді салуға мүмкіндік 
беретін «Play-Doh» машиналарына көбірек ұқсас. Бұл «қатты денелі модельдеу» деп 
аталады және бұл қарындаштарға арналған электрлі ұштағыштардың заманынан бергі 
өндірістік қоғамдастықта болуы мүмкін ең жақсы нәрсе болып табылады.
Қатты денелі модельдер қаңқалыға қарағанда бөлшектер мен құрама бұйымдардың 
барынша шынайы кейпінің берілуін қамтамасыз етеді. Оларды көлем мен салмақты анықтау 
үшін пайдалануға болады. Қатты бөлшектерді қынамалылық пен соқтығысуға, сондай-ақ 
құрылыс шығырларының үлгісін құрастыруға оңай тексеруге болады. Ең маңызды қатты 
денелі модельдер «параметрлік» болып келеді, ол қаңқа жағдайындағыдай бұрынғы 
кезеңдерді қайталау қажеттілігінсіз бөлшектердің көлемі мен элементтерін бір дегеннен
баптауды жеңілдетеді. Көпшілік мойындағандай, қатты модельдер сымды аналогтарына 
қарағанда аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуге көбірек талап қояды, алайда 
бұл бұлттық есептеулері мен арзан, бірақ қуатты станциялардың арқасында аса үлкен 
қиындық болмайды 
КАЖЖ / ӨАБЖ ЖӘНЕ ВИДЕООЙЫНДАР 
Адамдар маңызды да пайдалы жұмысты оларға жүктемес бұрын компьютерлерді ойлап 
тапқанына көп уақыт өте қойған жоқ. Мысалы, Кембридж университетінің профессоры 
Александ Дуглас бірінші «айқаршықтар-нөлдіктер» компьютерлік ойынын 1952 жылы ойлап 
тапқан. Арада он жыл салып Гарвард университетінің қызметкері Стив Расселменнің 
немересінің ойындар білім алудан да маңыздырақ деген тоериясын дәлелдей отырып,
«Spacewar» ойынын жеткізу үшін құны 120 000 доллар тұратын (бүгінгі доллармен 
есептегенде шамамен 1 миллион доллар тұратын) «MIT PDP-1» шағын компьютерін 
пайдаланған.
Осы таң қалдыратын оқиғалардың аралығында бағдарламалық жасақтама тарихында
Корея соғысының ардагері доктор Парик Ханратти білдектерді бағдарламалауға 
арналған әлемдегі алғашқы бағдарламалық жасақтама «General Electric»-те жұмыс істей 
отырып, «PRONTO»-ны (Сандық құралдармен жасалатын операцияларға арналған 
бағдарлама ) жасаған. Дегенмен МТИ (Массачусет технологиялық институты) докторанты 
Иван Сазерленд «PRONTO»-ны толықтыратын «Sketchpad» деген атауымен алғашқы 
АЖЖ жүйесін ойлап тапқанға дейін тағы бірнеше жыл қажет болды. Осы екі 
бағдарламалық технологияның біреуге айналуына ондаған жылдар қажет болғанымен, 
екі бағдарлама да болашақ АЖЖ және ӨБАЖ әзірлемелері үшін негіз болды.
Егер сізге «бұлт» төбемізде ұшып жүрген кокер-спаниель мен Чарли 
Чаплиннің сұлбасына ұқсайтын ұлпа пішіндер болып көрінсе, тағы да 
ойланып көріңіз. Бұлттық есептеулер «орналастырылған қызметті Ғаламтор 
арқылы жеткізу» деп айтудың күрделі тәсілі болып табылады, ал бұлт 
осындай қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын барлық серверлер мен 
мәліметтерді өңдеудің жиынтығы болып табылады. Қорқып кеттіңіз бе? 
Қорқудың қажеті жоқ. Егер сіз Джорджина тәтеңіздің 78 жасын тойлағандағы 
фотосуреттерін туыстарыңызбен «Google Photos»-та бөліскен болсаңыз, 
онда сіз бұлтты пайдаландыңыз. Ағынды музыка? Netflix? Ия, осының бәрі 
‒ бұлттық серверлер. Егер көбірек білгіңіз келсе, бұлттар туралы бөлімді 15-
тараудан оқыңыз.
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 


152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет