Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет154/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Мағыналы сұхбаттар 
 
АЖЖ және АӨЖБ жүйелерін талқылауды аяқтамас бұрын бұл әлемде олар болмағанда 
не болатынын елестетіп көрейікші. Атынан көрініп тұрғандай, «басқарудың диалогтық 
элементтері» оператордың бөлшектер туралы бірқатар сұрақтарына, алдымен, оның пішінін 
сипаттап, содан соң басқару элементіне оның қалай өңделу керектігін мәлімдей отырып жауап 
береді. АӨЖБ жүйесіндегідей, басқару элементі сандарды есептеу мен құрал қозғалысының 
траекториясын анықтай отырып, фондық режимдегі жұмыспен айналысады. Білдек жүйесіне 
немесе басқару элементін құрушыларға байланысты нәтижесінде алынған бағдарлама 
редакцияланатын G-код түрінде жеткізіледі немесе диалогтық режимде орындалған кез келген 
қажетті бағдарламалық баптаулар арқылы өздігінен сақталып қалуы мүмкін.
Диалог режимінде басқару жаңалық емес. Массачусетс технологиялық институтының 
кейбір профессорлары видеоойындарды жасаумен айналысып жатқан кезде басқалар 
білдектерді бағдарламалауды жеңілдететін бағдарламалық жасақтамаларды жасаумен 
айналысқан. Олардың бірі ‒ 1956 жылы «АРТ» (Автоматты түрде бағдарламаланатын құрал) 
бағдарламалау тілін ойлап тапқан Дуглас Росс. Бүгінгі таңда «АРТ»-тың анағұрлым тиімді 
шөберелері бұрынғысынша қолданылып келеді, әрбір білдекші-оператор өзінің жұмысын 
тікелей білдекті басқару қондырғысында бағдарламалайтын цехтарда танымалдыққа ие.
Диалогтық бағдарламалауды қолдайтын және қарсы болатын дәлелдер келтіруге 
болады. Оның жақтастары диалогтық бағдарламалаумен (осындай жүйелердің іркілуге қарсы 
тұра алмайтынына қарамастан), сондай-ақ Ғаламторға қосылған компьютерлермен, 
бағдарламалық жасақтамаға жазылумен және ААЖ мен АӨЖБ жүйелерімен бірге жүретін ІТ 
ұсынатын басқа да айла-шарғылармен постпроцессорлардың немесе құрал қозғалысының 
траекториясына симуляция жасау қажеттігі болмайтынын алға тартады. Егер сіз өміріңізде
ешқашан G-код зерттеуді қаламасаңыз, онда диалогтық бағдараламалау дәл сізге арналған.
Екінші жағынан, диалогтық режимде бағдарламалу, бәлкім, жоғары сапалы ААЖ 
жүйелеріне қарағанда соншалықты мықты емес шығар. Содықтан күрделі пішіндегі 
бөлшектерді диалогтық режимде өңдеу қиынға соғады, ал кейбір жағдайларда ол тіпті мүмкін 
де емес. Мұнымен қоса таза диалогтық цехта кез келген оператор өз білдегін бағдарламалауға 
үйренуі тиіс болатын шығар (немесе оны басқа біреу жасап жатқан кезде ары тұруы тиіс 
болатын шығар). Басқа жағынан алғанда, жақсы АЖЖ жүйесімен және тәжірибелі 
бағдарламашымен бірге жалғыз адамның өзі цехтағы барлық машиналарды бағдарламалай 
алады.
Көптеген цехтар диалогтық және ААЖ дербес компьютерлік бағдарламалаудың 
қосындысынан тұратын ортасын ұстанады. Шұғыл тапсырмалар мен прототиптерге 


155 
тапсырыстарды диалогтық бағдарламалау мүмкіндігі бар жерге оңай жасалуы мүмкін. Диалог 
жүктемесі шамадан тыс бағдарламалау бөліміне деген сұранысты жеңілдетеді. Ал көптеген 
басқарудың диалогтық элементтері құбылмалы талаптарға сәйкес икемділікті қамтамасыз ете 
отырып, G-кодты немесе ААЖ туындатқан бағдарламаларды оқи алады. 
Көптеген цехтар диалогтық және ААЖ дербес компьютерлік бағдарламалаудың 
қосындысынан тұратын ортасын ұстанады. Шұғыл тапсырмалар мен прототиптерге 
тапсырыстарды диалогтық бағдарламалау мүмкіндігі бар жерге оңай жасалуы мүмкін. Диалог 
жүктемесі шамадан тыс бағдарламалу бөліміне деген сұранысты жеңілдетеді. Ал, көптеген 
басқарудың диалогтық элементтері құбылмалы талаптарға сәйкес икемділікті қамтамасыз ете 
отырып, G-кодты немесе ААЖ туындатқан бағдарламаларды оқи алады.
Бүгінгі таңда бірқатар білдек соғушылар өздерінің басқару қондырғыларында
кірікпелі бағдарламалаудың функционалдық жүйелерін толығымен ұсыну 
мақсатында ААЖ провайдерлерімен серіктестік орнатты. Бұл диалогтық 
бағдарламалаудың қабылданатын шектеулеріне қатысты кез келген дау-
дамайды, сондай-ақ ААЖ арнайы қалыптастырылған дербес ортасымен 
бірге жүретін ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымына қатысты 
кейбір шағымдарды болдырмай, екі жаққа да тиімді шешімді қамтамасыз 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет