156
» .prt: .prt «PTC» компаниясының өнімдерін жасауға арналған бағдарламалық жасақтама
пакеті «Pro/ ENGINEER» үшін жеке файлдар форматы болып табылады. Бүкіл салада «Pro/
E
» ретінде танымал оның атауы жақын арада «Creo» компаниясы құралдар жиынтығының
бір бөлігі ретінде «Creo Parametric» деп өзгертілді.
» .sldprt:. ӨҚАЖ заманауи форматтарының көпшілігі секілді «.sldprt» үш
өлшемді
денелердің модельдерін сипаттайды, бірақ осы жағдайда бұл модельдер «Solidworks»-те
құрылған. 1995 жылдан бастап бір аттас компания өзінің ӨҚАЖ жобалары үшін «.sldprt»
форматын қолдана бастады. Содан бері «Solidworks»-ті басқа
бағдарламалық жасақтама
жасайтын компания «Dassault Systèmes» сатып алды,
алайда файлдың форматы
бұрынғысынша танымал күйінде қалып отыр.
» .step:. коммерциялық тұрғыдан бейтарап, Халықаралық стандарттау бойынша ұйым
(ISO)
қолдайтын «.step» форматы үш өлшемді модельдермен және ААЖ жүйелерінің
арасында құрастырулармен алмасу үшін кеңінен қолданылады. Ол «.iges»-тер қанша
уақыттан бері бар болса, сонша уақыттан бері қызмет етеді, сондықтан да ол барынша пісіп-
жетілген және «.iges» үшін арманға айналғанды да қолдай алады. О, «STEP» нені білдіреді?
Бұл өнім моделінің мәліметтерімен алмасуға арналған стандарты болып табылады. Енді
мұны білетін боласыз.
» .stl: «.stl» алғашқы үш өлшемді коммерциялық принтерлер
шыққаннан бастап-ақ
желіде пайдалануға енді. Шын мәнінде, осы файлдар форматын өзінің жаңа өнертабысы ‒
стереолитография қондырғысын бағдарламалау құралы ретінде Чарльз Халл жасаған.
«.stl»
кеңейтуі ‒ тесселяция стандарттау тілінің қысқартылған түрі (көбі ойлайтындай
стереолитография емес).
Достарыңызбен бөлісу: