Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет158/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

    Бұл бет үшін навигация:
  • «MES»
Өндірісті басқару 
Бизнес иеленушілердің ең есте қалатын инвестициясы олардың ағымдағы жүйелерін 
ұнататынына немесе ұнатпайтынына қарамастан кәсіпорын қорларын жоспарлауға 
арналған бағдарламалық жасақтама болып табылады. Барлық бухгалтерлік есепке алу 
пакеттерінің анасы «ERP» кітаптарға қарағанда көбірек басқарады. Қорларды басқару, 
сатып алулар, өндірісті жоспарлау, сату мен маркетинг, жеткізу мен алу ‒ «ERP» үнемі 
барлығының бел ортасында жүреді.
Көптеген компаниялар «ERP» цехты басқару үшін «айтарлықтай жақсы» деп 
есептейді. Кімде кім болмасын солай істеуге міндетті, жұмысқа келу және кету уақытын 
белгілеп жүретінге дейін шикізат қолдан беріледі, дайын дайындамалар ТМҚ-ға (тауар-
материалдық қорлар) түседі және өндіріс кестесі сақталады, ал бұл кез келген жүйедегі 
болжамды нәрсе, солай емес пе?


158 
Бәлкім, олай емес те шығар. Осылардың барлығы ‒ кез келген «ERP» жүйесінің 
қажетті шаралары, олар болмаса «нені енгізгеніңізге қарай дәл сондай нәтиже аласың» 
деген есептеу ережесі компанияға корпоративтік залалын келтіруі ықтимал. Алайда ең 
жақсы жолға қойылған «ERP» жүйесінің өзінде бағдарламалық жасақтаманың қосымша 
функционалдығынсыз пайдалануға болмайтын цехтарды басқаруды үздіксіз жақсартудың 
шексіз мүмкіндіктері бар.
«MES» 
 
Кейбір «ERP» жеткізушілері өз өнімінің өндірістік үдерісін басқару модулін өндірістік атқару 
жүйесі ретінде жарнамалайды, алайда бұл шындықтың тек жартысы ғана. Өндірістік 
үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (MES) цехтың алдында тұрған 
мәселенің басты да соңғы шешімі болып табылады. Ол цехтардағы әрекеттерді үнемі 
қадағалап отырады, жұмыс құжаттамасын ұсынады, қорлар мен материалдарды және 
көптеген басқаларды жоспарлауға көмектеседі. Кейбір «MES» іркілу уақытын қадағалау 
мақсатында «ОЕЕ» (упс, тағы бір қысқарту) жабдықтарының жалпы тиімділігін жақсартуға 
көмектесе отырып, тіпті жабдықты бақылаушыға тікелей қосылады.
Мысалы, сіз шынайы режим уақытында қазіргі кезде әрбір машинаның не істеп жатқанын 
көргіңіз келді делік. Сүмбі айналып тұр ма? Соңғы рет профилактикалық қызмет көрсету 
қашан жүргізілді, ал келесісі қашан жүргізілмек? Бүгін таңгы 3:47-де болған өндіріс 
тоқтауының себебі не? Машинада қай қызметкер жұмыс істеп жатыр және қандай жұмыс 
орындалып жатыр? Бұл MES ұсынатын өндірістің кейбір тұстары ғана. 
Желі айқын емес, бірақ сіз өндірісті басқару жүйесі «MES» туралы өндірістік 
операцияларды басқарудың қысқартылған түрі «МОМ»-ның кішірейтілген 
нұсқасы деп ойлауыңыз мүмкін. Әлемдегі нағыз аналар секілді «МОМ» да 
талаптарға сәйкес келуге және қадағалауға ерекше көңіл бөле отырып, 
өңдеудің толық үдерісін бақылайды. Өндірісті басқару жүйесі «MES» кем 
дегенде «SCADA» (мәліметтерді бақылау және жинау жүйесі) жүйелерімен де 
байланысты. Ірі өндірістік компанияларда, химиялық зауыттарда, электр 
станцияларында және сыни үдерістерге мониторинг жасалуы тиіс барлық 
тұстарда «SCADA» «ағамыз істегеніміздің бәрін қадағалап отыр дегеннің» 
мінсіз өндірісті басқару жүйесі болып табылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет