Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет218/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жазба жүргізу 
Бұл туралы қысқа да нұсқа. Сіз кесу өлшемдерін баптаудың және жаңа құралдар мен 
құрал ұстағыштарды сынақтан өткізудің қайталанбалы үдерісін жиі өтетін болғандықтан, не 
істеп жатқаныңызды құжатқа тіркеп отырғаныңыз дұрыс. Сіздің жадыңыз пілдікіндей болуы 
мүмкін, алайда сізді үйге бара жатқаныңызды бүгін автобус қағып кетуі де мүмкін (немесе екі 
есе көп төлейтін жұмыс табуыңыз мүмкін), осылайша еңбекпен келген біліміңізді қалай 
болғанда да өзіңізбен бірге алып кетуіңіз ықтимал. Осы кеңес жұмыс нұсқаулықтарына,
құралдардың тізіміне, бағдарламаның баптауларына және сондай-ақ өңдеу үдерісіне 
қатыстының барлығына қолданымды, оларды жазып отырыңыз. Егер алынған білімді өзіңіз 
ғана пайдалансаңыз, одан ешкімге де пайда келмейді, бірақ жұмыс берушіге зияны тиеді.
Салқындату 
Барлығы да мұны салқындатқыш сұйықтық деп атайды (мен де), бірақ, шын мәнінде, бұл ‒ 
майлағыш-салқындатқыш сұйықтық, бізге оның бірнеше түрі қолжетімді (және жүздеген 
брендтері). Олардың қайсысын пайдаланатынызды білу әсіресе Астралой (Astralloy) болаты, 
никель 200 немесе молибден секілді тым күрделі материалдарды өңдеу кезінде, не 
алюминийдің айнадай беткі қабатын алу кезінде сізді, шын мәнінде, құтқарады.
» Майлы айданды: бұрын СББ болмаған кезде «таза» майлар деп аталатындар немесе 
майлы айдандылар қалыпты үрдіс болатын. Әдеттегідей олардың құрамында өзінің 
мақсатын жақсы орындап, құралдың жарамдылық мерзімін арттыратын, сондай-ақ 
бөлшектің үстіңгі қабатының тазалығын қамтамасыз ететін, бірақ сіздің денсаулығыңыз бен 
қоршаған ортаға қолайсыз (жейдеңіздің иісі сонымен мүңкіп тұратын) күкірт пен хлор 
болатын. Бүгінгі таңда көптеген швейцарлық СББ білдектері мен көп сүмбілі автоматтар
бұрынғы жылдардың жағымсыз иісі бар майларының анағұрлым жұмсағырақ сұрыптарын 
пайдаланады, алайда оларды жоғары айналымдарда пайдаланудан сақтаныңыз, олар 
сіздің цехыңызды таңғы Лондоннан да қою тұманмен толтыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет