30
(ешнәрсе етпейді, мен де өзімдікін қолданбаймын), оны ашып көріңіз ‒ ішінен қондырғының
еркін айналуына мүмкіндік беретін мойынтіректі көресіз.
Білдектердің барлығынан мойынтіректер табылады.
СББ білдектерінде, мысалы,
бұрама тетік бірқалыпты индекстік қозғалысқа арналған жоғары дәлдікті мойынтіректерге
тіреледі. Мен мойын тіректерге лық толған білдек сүмбілері мен айналдырғы қыспағы туралы
айтып кеткенмін. Тура солай, үстелді әрі-бері қозғалтатын жетекті білік, машинаға май мен
майлап суыту сұйықтығын беретін
сорғылардың қозғалтқыштары, біркелкілікті қамтамасыз
ететін сызықты бағыттауыштар... басты ойды түсінген шығарсыз.
Қозғалыстың қыр-сыры
Бұрандалар қозғалысты жүргізеді. Бұл құралдар қорабының түбінде жатқан орақ пішінді
сомын кілтіне де немесе көлігіңіздің жел жіберіп қойған дөңгелегін ауыстырғанда пайдаланған
көтергішке де қатысты. Гидравликалық, жұдырықшалы жетегі бар жону білдектерінен немесе
фрезерлік білдектен басқа білдектерде де жырақшалар, жайпақ фрезалар кесу
және тесіктер
тесу үшін дискінің не қозғалтқыштың айналмалы қозғалысын сызықтық қалыпқа келтіру үшін
қажетті бұрамалар қолданылады.
Қол жабдықтарында олар жүріс бұрамалары деп аталады және бір қарағанда олардың
өте ұзын бұрандадан айырмашылығы шамалы. Машинаны шашып қараңыз, сонда сіз оның
жүріс бұрамалары, өз кезегінде білдек күймешегінің немесе көлденең жылжытуының түбіндегі
бекітілген түйіндес сомындарға бұралғанын көресіз. Жүріс бұрамасын бұраңыз, сонда
сызықты қозғалысты көресіз.
Өкінішке орай, жүрісті бұрамалар негізі жетілдірілмеген: Жүрісті
бұраманы қанша
тартқаныңызбен, аздаған «айналма саңылау» үнемі қалып кетеді. Ол түйіндес бөлшектердің
арасындағы кеңістіктің салдарынан болады; онсыз олар сіздің туған күніңіздегі Тед атайдың
әмиянынан да тығыздау болып жабысып қалған болар еді. Бұл жерде туындайтын мәселе
дәлдіктің жоғалуы ‒ адам немесе компьютер басқарғанына қарамастан айналма саңылау
бағыттауыштың әрбір
өзгерісіне орай жойылуы тиіс, ол механикалық құрауыштар тозған
сайын қиынға түседі.
Осыған байланысты СББ білдектері жүрісті бұрамаларға қарағанда, қайта айналымды
домалақ бұрамаларды қолданады. Домалақ бұрамалар
шарлы мойынтіректермен
толтырылған сомындармен жабдықталған арнайы домалақ пішінді бұрандамен шығарылады.
Бұрама айналған кезде шарлар сомындардың айналасындағы жырақша арқылы қайта
айналады және кері қайтады. Бұл технология шын мәнінде жырақшаны болдырмайды, тозуды
азайтады және бұрама айналатын жылдамдықты арттырады ‒ бұл бүгінгі таңдағы жылдам
металл кесетін жабдықтың маңызды тұсы болып табылады.