Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет20/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
Жолдары мен тәсілдері 
Білдек «бағыттауыштары» білдектің күймешелері жылжитын аса жылтыр, өте дәл
ізаралықтар болып табылады. Оның екі түрі бар ‒ тік бұрышты бағыттауыш және сызықты 
бағыттауыш (ол тік сызықты жылжу бағыттауышы ретінде де танымал).Сіздің ішкі 


26 
алаңшаңыздың жылжымалы шыны есігінде қолданылатын ізаралық сызықты ізаралыққа ұқсас 
емес. Бұл тетік әлемдегі ең дәл локомотив секілді артқа-алға жылжи отырып, асқан дәлдікпен 
егелген бағыттауыш білеудің үстінде жүретін «арбашаның» ішіндегі жұмыр тіректің 
топтамасына тіреледі.
СББ білдектерін өндірушілер сызықты бағыттауыштарды ұнатады, себебі олар оңай 
орнатылады және олар қызып кетпестен, жоғары жылдамдықта қозғала алады (білдектің 
дәлдігі үшін температураның ауытқуы ең жаман нәрсе болып табылады). Дегенмен сызықты 
бағыттауыштарды олардың жеткілікті қатқыл болмағаны және сәйкесінше шуға анағұрлым 
бейімділігі үшін сынап жатады. Өндіруші ішкі сызықты бағыттауыштарды қолданған 
жағдайларда немесе бағыттауыштар тым кішкентай болса, осы сын орынды болған болар 
еді.
Механикалық өңдеумен айналысып жүрген күндердің бірінде, білдектің 
алдында тұрып, оның ішінен шығатын тым күшті шықырлаған дыбыстан 
басыңызды ұстайтын боласыз. Жоқ, оның ішіне түсіп кеткен жабайы аң жоқ, 
бұл жағымсыз шу «шықырлау» деп аталады және ол арамыздағы нашар 
еститіндердің өзі құлақ тығынына жармасуы үшін жеткілікті болып табылады. 
Бұл шықырлау бірнеше көзден шығады, бірақ әдетте ол тым ұзын кесетін 
құралдан (мысалы, терең қуыстарды өңдеу кезінде) немесе жұқа қабырғалы 
дайындаманы өңдеген кезде шығады. Осындай шықырлауға мән берілмесе, 
ол жарамсыз бөлшектерге, сынған құралдарға және кейбір кездері білдектің 
сынуына алып келеді. Кесетін құрал мен білдек өндірушілер білдекте 
жұмыс істейтін жұмысшылар тап болатын осы қолайсыздықты жою үшін біраз 
нәрсе жасады, алайда дұрыс (бұрыс) жағдайларда да шықырлау бой 
көрсетіп тұруы мүмкін.
Тік бұрышты бағыттауыштар да өндірістік төңкерістің өзі секілді көне. Шын 
мәнінде, олар «пайдалану сенімділігі жоғары» СББ білдектеріндегідей 
барлық қол білдектерінде қолданылады. Олар ауыр жүктерді тасымалдау, 
кесудің үлкен күштерін пайдалану және тербелісті азайту мүмкіндіктерімен 
танымал. Сондықтан кейбір білдек өндірушілері «Джетро Таллдың» 
концертінде «полькадан» бас тартқандай, сызықты бағыттауыштардан бас 
тартады.
Алайда сызықты бағыттауыштар олардың тік бұрышты «ағайындарында» болатын
микроскопиялық «тұрақсыз қозғалысты» меңзейді және сондықтан да тік сызықты 
бағыттауыштардың дәлірек болатынын мәлімдейді. Тік бұрышты бағыттауыштарды орнату 
үшін түйіндес тегіс бетті дәлме-дәл «тегістеумен» орнатуға бірнеше күнді немесе аптаны 
жұмсайтын шебер қажет.
Талқылауды одан әрі күрделендіре түсіп, кейбір өндірушілер тік бұрышты 
бағыттауыштарға олардың гидростатикасы үшін «турситті» немесе соған ұқсас үйкелмелі 
емес материалды қолданады, оған қысыммен бағыттауыш жүйесіне май жағу арқылы және 
осылайша түйіндесетін металл беттерінің арасында майлы қабықша жасау арқылы қол 
жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет