Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Кешірім өтінемін, бұл бөлім іш пыстырарлықтай



Pdf көрінісі
бет37/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Кешірім өтінемін, бұл бөлім іш пыстырарлықтай 
Егер сіз бір немесе екі парақ бұрын аздап болса да бойлай жону білдектері туралы оқыған 
болсаңыз, онды мынау КӨО-ның баламасы: бұрғылайтын білдектер. Бойлай жону білдектері 
секілді көлденеңінен бұрғылайтын білдектер тракторлар мен басқа да жер қопару 
жабдықтарының кузовтарын өңдеу үшін қолданылады, «John Deere» немесе «Caterpillar» 
зауытына барып көріңіз, сол жерден көптеген бұрғылайтын білдектерді көретін боласыз (Сізге 
алдымен жазылу үшін қоңырау шалу қажет болуы ықтимал).
Бұрғылайтын білдектер көбіне КӨО-на ұқсастырып соғылады, олардың тек екі маңызды 
тұсты бар:
1. 
Үлкен көлеміне байланысты сіз серіктес-тетікті алмастыру қондырғысымен аса көп 
бұрғылайтын білдектерді көре бермейсіз.
2. 
Барлық бұрғылайтын білдектер дайындаманың ішіне терең бойлауға мүмкіндік беретін 
«сүмбімен» (Бриджпорт тізелі білдегіндегіге ұқсас) жабдықталған.
СББ бағдарламашыларына W-білдегі ретінде танымал, сүмбі негізгі сүмбі ұяшығының 
ішінде айналады және Z-біліктері қажетті қалыпқа келтірілген соң кесетін құралды өңделетін 
дайындамаға келтіреді, осылайша қолжетімсіз бөлшектердің өңделуіне және өте тік әрі дәл 
тесіктердің жасалуына мүмкіндік туғызады.
Көлденеңінен бұрғылайтын білдектер механикалық өңдеу өндірісінің 
маңызды бөлігі болып тұрғанымен, олардың тігінен бұрғылайтын серіктері
көбіне зейнетке кетіп жатады. Бойлай жону және тізелік пішіндегі нұсқаларда 
кеңінен қолжетімді, өткеннің анық жәдігерлерінің бірі ‒ асқан дәл
қыспақтарды, қондырғыларды және басқа да қажетті құралдарды өңдеуде
қолдануына байланысты (тағы да СББ) координатты бұрғылайтын білдек 
ретінде танымал. Бұрғылайтын білдектер мен тігінен бұрғылайтын білдектер 
бүгінгі таңда әлі қолданыста, дегенмен СББ өңдеу орталықтарымен және 
электржелілену кесу білдектерімен (EDM) ығыстырылуда (ол 3-бөлімде 
талқыланған). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет