41
Әр нәрсені өз атымен атау
Көптеген цехтар онсыз да сығылысқан өндіріс алаңдарында қосымша білдек құралына
арналған
кернейді қажет ететіндіктен, ТКБ-нің тағы бір танымалдығы артып келеді ‒ ол
бұрғылайтын бұранда кескіш білдек. Олар өздерінің ірілеу ТКБ ағайындарының
кішірейтілген, жеңілдетілген нұсқасы болып келеді және арнайы жылжымалы немесе
қайтымды ұстағыштарды қажет етпейтін кесу технологиясымен «бұранданы
бұлжытпай
кесумен» алғашқы болып жабдықталған. Бұрғылайтын бұранда кескіш білдектердің көбінде
сүмбісі ВТ-30 немесе одан кіші конусы бар және өте жылдам күш алады ‒ кейбіреулері
жылжымай тұрған қалпынан металл кесуге 2 секундта немесе одан да аз уақытта көше
алады. Олар кәдуілгі ТКБ секілді қапталдық жүктемені көтере алмайды
және құралдары да
көп емес (әдетте 10-12), бірақ бұрғылау орталықтары кішкентай бөлшектердің кең көлемін
өңдейтін цехтар үшін аса тиімді және бұл медициналық техника мен электроника
өндірушілер үшін қалыпты жағдай.
Көптеген өндірістік салалар САТ фланецті немесе V-тәрізді фланецті құрал
ұстағыштарды американдық стандарт ретінде ұсынады, ал
BT-фланецті
құрал ұстағыштар Жапонияда, Қытайда немесе Кореяда шыққан өңдеу
орталықтарынан табылады. Олардың екеуі де
СББ білдектері туралы
армандаудан
әлдеқашан бұрын 1972 жылы патенттелген еркін
ажыратылатын 7/24 конусын қолданады. HSK, BIG-PLUS және Capto-пішінді
құралдарды барынша қозғалтпайтын ұстағыштардың болуына қарамастан
құралдың екі түрімен де жабдықтау тәсілі біртіндеп ескіруде (толығырақ
ақпарат алу үшін 7-бөлімді қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: