» Мүмкіндігінше бұрамалы жырашықтары бар таңбалуашыны қолдану ұсынылады,
әсіресе тот баспайтын болат секілді тұтқыр материалдармен. Бұрамалы жырашықтар
жоңқаны саңылаудан итеріп шығаруға көмектеседі, бұл жоңқаны алып тастауда үлкен жәрдем.
» Таңбалаушылар түрлі Н шектерімен шығарылады, мысалы: H1, H2 және т.б. H7-ге дейін.
Әрқайсысы келесісіне қарағанда тура 0,005 дюймға кішірек. Егер үлкен бұранда кесу қажет
болатын болса, онда үнемі Н үлкен саны бар таңбалаушыны қолдануға тырысыңыз (немесе
кішірегін, егер қысқыштың көлемі кішкентай болса; ондай-ондай болады).
» Таңбалаушыларға «құбылмалы» патронның арнайы түрі қажет болады. Яғни егер сіздің
білдегіңіз мен бағдарламалау бөлімінде сипаттап кеткен бұранданы қатқыл кесуге арналған
жабдықпен немесе өзіндік реверсивтік бұранда кескіш бастиектің (ол туралы мен құрал-
саймандар туралы бөлімде айтып кеткенмін) арнайы түрімен жабдықталмаған болса.
Құбылмалы патрондар, шын мәнінде, жүзіп жүрмейді, білдеу сүмбісіне саңылау түбіндегі
бағытты өзгерту үшін қажетті уақытты береді, осылайша таңбалаушыны дайындамадан алып
шығуға мүмкіндік туғызады. Осындай патронсыз сіздің таңбалаушыңыз сынып қалады.
» Илейтін таңбалаушылар материалды алмастыратын болғандықтан, бұранданың «ішкі
диаметріне» тура сәйкес келетін кесетін таңбалаушыларға арналған саңылаулармен
салыстырғанда оларға өлшемі үлкенірек алдын ала жасалған саңылау қажет болады.
Саңылаудың дұрыс өлшемі үшін таңбалаушыларды өндірушілермен немесе білдекті
пайдалану бойынша нұсқаулықпен тексеріп алыңыз.
Бұрандалы саңылаулар «шектік калибрлер» деп аталатын құралдармен
өлшенеді. Осы калибрлер саптамаға бекітілген екі жылтырақ бұрандаға
ұқсайды. Сіз өтпелі калибрдің саңылауға бекітілуі, ал өтпелі еместің
бекітілмеуі тиіс екендігін түсінген боларсыз. Егер бір мәселе туындай қалса,
онда басқа таңбалаушыны пайдалаып көріңіз немесе үйіңізге ертерек
қайтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |