Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Саңылауларға да көмек қажет



Pdf көрінісі
бет85/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Саңылауларға да көмек қажет 
Әркім қажетті өлшемге дейін саңылауды және таза өңдеуді бір жүріп өткенде жасағысы 
келеді, дегенмен көбіне қосымша таза өңдеу қажет болады. Мыңдаған дюймнан кемірек 
диамертлік шақтама кезінде үнемі таза өңдеу қажет болады, бұл тегіс әрлеуді қажет ететін 
саңылаулардың барлы үшін дерлік шындық.
Саңылауларды кеңейту 
Саңылау кеңейткіштер саңылауларды әрлеуге арналған көп жырашықты кесетін 
құралдар болып табылады. Сіз осыған ұқсас құралды лимонның шырынын сыққан кезде ас 
үйіңізде қолданатын сияқтысыз. Шырын сыққышқа қарағанда цехтың жұмысына жарамды 
кеңейткішке қосымша саңылау қажет болады, себебі ол материалдың біршама шағын 
қабатын алып тастай алады. Ең көп тараған түрі ‒ патрондық салым, алайда қол салымы, 
жырашықтарды кесуге арналған салым, білдек салымдары және басқалары да бар. Әсіресе,
құрал өтпей қалған соң саңылаудың өлшемін ретке келтіру үшін оператордың кішкентай 
бұраманы бұрауына мүмкіндік туғызатын реттелетін салымдар қолданылады. Салым кезінде 
жоңқаларды алып тастау қиынға соғуы мүмкін, сондықтан өндірушілер сол және оң жақты 
кесетін бұрамалық салымдарды ұсынады. Оң жақты кесетін салымдар жоңқаны саңылаудың 
алдына итеріп тастайды, сондықтан олар өтпелі саңылаулар үшін қолданылуы тиіс. Оң 
жақты кесетін салымдар жоңқаны саңылаудан итеріп шығарады, осылайша олар бітеу (өтпелі 
емес) саңылаулар үшін қолайлы.
Жаймалау
Механикалық өңдеуден өткен беткі қабаттарға мұқият зер салыңыз, сонда сіз титтей тау 
бөктерлеріне ұқсас толқын тәрізділікті көресіз. Жаймалау осы толқындарды алып тастайды, 
толық тегістелуге жеткізеді. Ең қарапайым тәсіл ‒ шыңдалған болаттан жасалған немесе 
дайындама саңылауының диаметріне қарағанда сәл үлкендеу болатын қатты қорытпадан
жасалған шарды итеріп шығарып жіберу (бұл операцияны бітеу саңылаулармен жасап көруге 


90 
тырыспаңыз, шарды шығара алмай қаласыз). Осы тәсіл шармен, ал кейде бытырамен
ажарлау деп аталады және дәл әрі тегіс саңылауларды алу үшін үздік тәсіл болып табылады.
Тағы бір тәсіл ‒ шығыршықпен жаймалау, олар әдетте ретке келтірілетін құрал түрінде 
келеді. Олар металл торда жүзіп жүрген ұзын, жұқа инелі мойынтіректерге ұқсас. Осы 
бөлшектер топтамасы кішірек саңылауға киліктіріледі (мол майлағышпен), осылайша сол 
баяғы аздаған толқын тәрізділікті алып тастайды және тегістейді. Жаймалау туралы бір 
маңызды ескерту: жаймалау бір жүзді кесетін құралмен бұрап тесілген саңылауларда 
жақсырақ жүреді (толығырақ «Бұрынғыдай іш пыстырарлық емес» тарауында осы бөлімнің 
соңына таман).
Саңылаулардың кедір-бұдыр беткі қабаттарын тегістеудің көптеген тәсілдері 
бар. Ол жанғыштау, үйкелеу, ішкі ажарлау және, сөзсіз, бұрғылаудан тұрады. 
Алғашқа үшеуі қажақты үдерістер болып табылады, кейбір кездері осы кітапта 
толығымен сипатталмайды (олардың барлығы да өңдеуге жататынына 
қарамастан), алайда көптеген жасанды саңылаулардың басым көпшілігі осы 
баламалы тәсілдердің бірімен жасалып бітетінін есте ұстаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет