15
ОСЫ БӨЛІМДЕ...
Мектептің жоғары сыныптарында
ұйықтап отырған кездегідей
болмай, металл кескіш білдектердің тарихы туралы барлығын
зерделейміз.
Жону білдегін, фрезер білдегін
және басқа да білдектерді
шашып тастап, олардың қалай іске қосылатынын көреміз.
Басты механикалық қағидалар туралы түсінік аламыз, содан соң
осы тармақты сүйікті істеріңіздің тізіміне қосып қойуға болады.
Құрастыру, дәнекерлеу туралы қызық деректерді тыңдаймыз
және неліктен олардың да механикалық өңдеу секілді маңызды
екендігі туралы білеміз.
Пойыздарда, ұшақтарда және автокөліктерде қолданылатын
металдар
мен пластик туралы зерттейміз, сіз осыдан кейін
ұшаққа басқаша қарайтын боласыз.
1-
ТАРАУ.
ӨНДІРІС ШЫҢЫНА ӨРМЕЛЕУ
Жақсы өнер туындысының белгісі оның нақты және әсем орындалуында емес ‒ техника
одан да артық істеуі мүмкін, керісінше, адамның санасы мен жүрегінен шыққан еңбек болып
табылады.
Оскар Уайльд
Сізге механикалық өңдеу туралы ойланудың не керегі бар? Бұл жұмыстың бел жазуға
мүмкіндік бермейтіні, қараңғы, лас қоймаларда мардымсыз
жалақыға жасалатыны бәріне
белгілі. Ең жаманы, ол қауіпті ‒ баяғыда Боб ағайдың саусағын бұрғымен мылжалап алғаны
естеріңізде ме? Сірә, бүгінгі жастар мектепті бітірген соң ең қауіпті қатер парақпен саусақты
кесіп алу болып табылатындай немесе дәмханадағы тамақтан асқазан ауруына
шалдығатындай, кеңседе не бөлшек саудада тиімді және қауіпсіз жұмыс тауып алу қолайлы
деп ойлайтын болар. Мұнымен қоса барлық тауарлар мұхиттың арғы жағында өндіріледі емес
пе? «Армагеддон» фильмінде Брюс Уиллистің өзінің оқушысы және болашақ күйеу баласы
Бен Аффлекке айтқанындай: «Жауап дұрыс емес!»
Сіз жақын
арада көз жеткізетініңіздей, механикалық өңдеуден хабары бар кез келген
адам Сізге айтатынындай, өзінің мықтылығы жағынан ол
ғимараттарды сырып тастаушы
маман мен каскадёр әйел адаммен бір сатыда тұрған аса керемет мамандық. Тоқ етерін
айтқанда, басқа қандай жұмыста сізге қала маңындағы үйден де қымбат тұратын жоғары
технологиялық жабдықта жұмыс істегеніңіз үшін қомақты жалақы төленіп, өз жұмысшыларына
аса маңызды, кейде өмірді сақтап қалатындай өнімдер шығару мүмкіндігін сыйламақ?
Тағы
бір жақсысы, білдекте жұмыс істеу жоғарыда аталған мамандықтарға қарағанда
қауіпсіздеу, яғни анаңыз жағдайыңызды білу үшін күндіз-түні қоңырау соғумен болып, сіздің
қауіпсіздігіңізді ойлап уайым жемейді. Әлдебір уақытта саусағыңызды кесіп алуыңыз немесе
көзіңізге металл жарығы ұшып түсуі мүмкін
екенімен келісемін, екеуі де жедел жәрдем
бөлмесіне алып баратын қолайсыз жағдай (менің бір кезде сол жерде жеке тұрағым болған),
міне, сондықтан ең жақсы темір ұстасы ‒ қауіпсіздік техникасын ең көп сақтаушы білдекші
болып табылады. Механикалық жөндеудің егжей-тегжейіне көз жүгіртейік және біздің өміріміз
білдексіз қалай болатынын елестетуден бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: