13
фрезерлеудің қарсы фрезерлеуге қарағанда неліктен тиімдірек екенін
білгіңіз келсе, «Техникалық қызметкерлер» таңбашасына көңіл бөліңіз.
Инженер-механиктер үнемі ойда жүретіндіктен, кейбір нәрселерді кейде
ұмытып кетеді; ешбір жан мінсіз емес. Түптеп келгенде, өзінің кілтін басқа
жерге қоя салатын, таңертең үйден шығарда
иттің тамағын беруді
ұмытып кететіндердің бәрі темір ұсталары емес. Осы кітапта берілген
«Есте
сақтаңыз»
шартты
белгісі
көптігінің
арқасында
оның
оқушыларының не нәрсені болмасын ұмытып кетуіне еш себеп
болмайды.
Механикалық
өңдеу өте керемет, бірақ ол қауіпті болуы да мүмкін.
Металдан ұшқан жарықшақтар, байқаусызда саусақты қысып қалуы
мүмкін қысу аймағы, аса жылдам қозғалатын өткір кескіш құралдар. Егер
жедел жәрдем көрсету
бөліміне барғыңыз келмесе, «Ескерту» шартты
белгісіне назар аударыңыз.
Химия сабағына бармаған және атом құрылымы мен корпускулалы-
толқындық дуализм туралы сабақты жіберіп алған күндеріңіз
есіңізде
ме? Сіз тестті тапсыра алмадыңыз ғой, солай емес пе? «Маңызды
бөлшектер» шартты белгісі бүкіл кітаптағы түрлі тақырыптарды
меңгеруге септігін тигізетін анықтамалық
ақпаратпен қамтамасыз ете
отырып, жоғары сыныптардағы сол өткен күнді еске түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: