Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Аспаптар жиынтығындағы басқа да құралдар



Pdf көрінісі
бет17/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Аспаптар жиынтығындағы басқа да құралдар 
Білдектер аса маңызды, бірақ соны жасаған және шын мәнінде барлық металл өңдеуші 
жабдықтарды жұмыс істететін кесетін құралдарды, ұстағыштарды және бекіту құралдарын да 
ұмытпағанымыз жөн: 
» Модслейдің бұрама жасайтын білдекті ойлап табуынан көп уақыт бұрын, ағылшындық 
астроном Уильям Гаскойн реттеу бұрандасын секстантқа орнықтырып, оны аспан денелерінің 
қалпы мен көлемін өлшеу үшін қолданған. Оның жұмысы түптеп келгенде бізге механикалық 
өңдеу цехтарының барлығында бөлшектер өлшемі үшін қолданылатын микрометрді ұсынған 
зерттемелер топтамасындағы алғашқысы болды.
» Егер Стивен Морс алғашқы шиыршық бұрғысын ойлап таппаса, тесікті бұрғылап тесу 
анағұрлым қиындау болған болар еді. Қолына патентін алып, ол 1864 жылы Morse Twist Drill 
and Machine компаниясының есігін ашты. Арада бірнеше жыл салып, ол әлі күнге дейін 
қолданылып жүрген жонғыш өзегінің үлгісі болып табылатын Морзе конусын ойлап тапты.
» 1902 жылдың бір күнінде Артур Джекобс бұрғымен қол сүйегін зақымдап алған соң 
бұрғының ұшын қармап ұстаудың қолайлылау болуы тиіс деген шешімге келді. Бірнеше күннен 
кейін ол сыналанған кілтпен бұрғылайтын қысқыны ойлап тапты және арада бірнеше ай өткен 
соң Jacobs Chuck Manufacturing Company атты компаниясын ашты. Бүгінгі таңда көптеген 
айналмалы құралдар кілтсіз қысқымен немесе конус сипатты ұстағышпен қармалған, бірақ
Джекобстың қысқысы электр құралдары мен бұрғылардағы бұрғының ұшын қармап ұстау үшін 
қолданылатын сенімді танымал қондырғы ретінде қалып отыр.
» Білдектер металды кескіштерсіз кесе алмайды. 1938 жылы металлург Филип МакКенна 
сол кездегі бар кесетін құралға арналған материалдардың бәрінен асып түскен патенттелген 
вольфрам карбиді қорытпасын жасады. Оның «Kennametal» (Кенна металл) компаниясы 
артынша қатты қорытпа кесетін өндірістің көшбасшысына айналады. 
» Құрама штаттар ІІ Дүниежүзілік соғысқа араласуынан аз ғана уақыт бұрын Чехия 
келімсегі Хью Фогль бөлшектерді қармап ұстаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Ол оны «40S 
Machinist Vise» деп атады, ал өзінің жаңа кәсіпорынын ғимарат орналасқан көшенің атымен 
«Wilton Vise Company» деп атады. Оның дайындамасынің маңызды болғаны соншалықты, 
төрт жылдан соң соғыс аяқталғанға дейін оның қысқыштары тек АҚШ үкіметіне ғана сатылуы 
тиіс болды.
Бүгін біз оны жасаудан бұрын бас қатырып, ойланып жатпаймыз: ол 
мотоцикліңіздің дөңгелегі, балаңыздың смартфонының қабы немесе ас үй 
пешінің алмастырылатын бөлшегі болмасын, сіз үйге келгенде оның сәйкес 
келетінін білесіз. Бұл өзара алмастырымдылық деп аталады және бұл 
заманауи инженерлік тәжірибенің маңызды саласы болып табылады. Білдек 
құралдары болмаған кезде, өзара алмастырымдылық мүмкін болмаған еді
металл және ағаш бөлшектер қолдан жасалатын және әрбір құрауыш өз 
алдына бірегей болып табылатын. Егер Америка төңкерісі кезінде 
қаруыңыздың шүріппесі сынып қалса, оны алмастыратын бөлшек жоқтың 
қасы болатын; сізге ең дұрысы қашу болатын. Мұндай мүшкіл жағдай өткен 
заманда азамат соғысы басталардың алдында артта қалды, себебі Роббинс 
КЕҢЕС 


24 
пен Лоуренс 1848 жылдан бастап алмастырмалы бөлшектері бар винтовка 
жасап, АҚШ үкіметімен алғашқы келісімшарттарын жасасты. Асқан дәлдікпен 
жону білдектерінің, жонғыштардың, сүргілердің, қалыптастырғыштардың 
және кесетін құралдардың кеңінен таралуы арқасында ұсталар әрбір келесі 
бөлшегі шын мәнінде басқаларымен бірдей ондаған мың қару-жарақтың 
(және басқа да өңделген бөлшектерді) құрауыштарын шығара алатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет