Жаһандану


-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерге (



бет2/4
Дата08.02.2024
өлшемі109.96 Kb.
#491344
түріСабақ
1   2   3   4
№1-1

2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерге (көп нүктенің орнына) тиісті қалау рай жұрнақтарын жалғап жаз.

Анамды тезірек көр...м келді. Менің кітап оқы...м келеді. Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер ..... еді. Әсемнің құрбысы қазақ тілін жетік біл...сі келеді. Сен Әйгерімнің есебін шығаруға көмектесіп жібер....сің. Менің көп жұмыс атқар...м келеді. Мен бүгін кино көр...м келеді. Не де болса шынын айт.....сың.



Дескриптор:
- қалау рай жұрнақтарын жазады

Өзіңді тексер:
Анамды тезірек көргім келді. Менің кітап оқығым келеді. Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді. Әсемнің құрбысы қазақ тілін жетік білгісі келеді.
Сен Әйгерімнің есебін шығаруға көмектесіп жібергейсің. Менің көп жұмыс атқарғым келеді. Мен бүгін кино көргім келеді. Не де болса шынын айтқайсың.
Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және ХХІ ғасырдың бұл ағымы - қоғамның дамуының жаңа дәрежесіне жеткізеді. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе - бет тілдесуден гөрі, ғаламтор арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы "әңгімелеседі". Адамдардың әлеуметтік өмір жаңалықтары ғаламтор арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал бергендіктен, ғаламтордың жақсы жақтары да бар, мысалы үнемді байланыс құралы, аудио, видеоның қол жетімділігі, ақпарат іздеу. Бірақ ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, жақындармен қарым - қатынасы үзіледі, сенімсіздік пайда болады, уақытын үнемдей алмай қалады...
3-тапсырма. «Ғаламтор біздің өмірімізде» мәтінді түсініп оқып, кесте арқылы салыстырып, талдау жаса.
1-мәтін
2-мәтін
Біздің заманымыз-ақпарат ғасыры. Сондықтан қазір ғаламтор жүйесі барлық жерде қосылған. Қай жерде жүрсек те, әлемде не болып жатқанын жылдам біліп отырамыз. Мен 5-сынып оқып жүргенде ғаламтор клубтарына жиі баратынмын. Былтыр әкем біздің үйге де ғаламтор желісін қосты. Сондықтан мен қазір ғаламтор клубтарына бармаймын. Қажет ақпаратты үйде отырып, тауып аламын. Тек демалыс күндерінде достарымызбен әдейі жиналып баратын кездеріміз болады. Мен ғаламторды үй тапсырмасын орындағанда көбірек пайдаланамын. Ғаламтордан өзіме қызық онлайн кітаптарды оқимын. Кейде кино мультфильмдерді көремін. Әйтсе де компьютерде көп отырмауға тырысамын. Компьютерді күніне 2 сағаттан артық пайдаланбаған жөн. Ата-анам да көп отыруға рұқсат етпейді. Себебі, компьютерде көп отыру денсаулыққа зиян.

Дескриптор:
-мәтінді оқып,мазмұнымен танысады
-екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын табады
-негізгі идеясын салыстырады
-аудитория-айырмашылығын ажыратады
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет