Зерттеушілер жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. Жаһандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. Ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Бөліктері Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: - “Менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
- Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
Достарыңызбен бөлісу: |