Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама



бет2/3
Дата14.06.2016
өлшемі439.85 Kb.
#135440
1   2   3

«Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы балаларды  қамту аудан бойынша өткен 2012 жылында 2813 бала, яғни қамтылу пайызы 65,5 пайызды құраса, биылғы 2013 жылы балабақшамен қамтылған бала саны 3453-ді құрап, 90,1 пайызға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға артып отыр.

2013 жылы Келінтөбе елді мекенінде 90 орындық, Сүттіқұдық елді мекенінен 90 орындық балабақша ашылып жұмыс жасауда.

Ал, 2014 жылы Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже елді мекендерінен 50 орындық, Түгіскен елді мекенінен 140 орындық, Жаңақорған кентінен 50 орындық мемлекеттік балабақша ашылып жұмыс жасайтын болады.

2014 жылы мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылатын бала саны-4498 болып, қамтылу пайызы-92,8 пайызды құрайды деп жоспарлануда.

Жалпы аудан бойынша қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған 52 балабақша оның 21-і мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 31-і жеке нысандағы балабақшалар. 52 мектепке дейінгі мекеменің 6-ы типтік жобадағы, 46-ы ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.


  1. Электрондық білім беру жүйесінің жүзеге асырылуы туралы

Аудан бойынша электрондық оқыту жүйесіне енгізілген мектептер.

  1. №53 мектеп– 449 оқушы білім алуда, оларға 82 мұғалім дәріс береді.

  2. №192 мектеп– 746 оқушы білім алуда, оларға 99 мұғалім дәріс береді.

  3. №168 мектеп– 522 оқушы білім алуда, оларға 78 мұғалім дәріс береді.

  4. №194 мектеп– 368 оқушы білім алуда, оларға 69 мұғалім дәріс береді.

  5. №247 мектеп- 224 оқушы білім алуда, оларға 37 мұғалім дәріс береді.

Аталған білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесіне байланысты барлығы 350 жаңа компьютер орнатылды.

Электронды оқыту жүйесі енгізілген 5 мектептен 20 дирекция өкілдері республикалық деңгейде, 45 пән мұғалімдері облыстық деңгейде біліктілігін арттырды.  



6. Оқулықпен қамтамасыз ету

2013-2014 оқу жылына «Атамұра», «Арман-ПВ», «Алматы кітап» «Мектеп» баспаларынан оқулықтар сатып алуға барлығы 29826000 мың теңге қаржы қаралды. (Оның ішінде: Атамұра–9051900,0 мың теңге, Арман ПВ–1001690,0 мың теңге, Алматыкітап–1081600,0 мың теңге, Мектеп–18690890,0 мың теңге).

2011 жылы  4,6,11 сынып, 2012 жылы 1,7,8 сынып оқушылары оқулықпен 100% қамтылса, 2013 жылы 2, 9 сыныптары оқулықтары 100% қамтылып қосымша жергілікті бюджеттен 4990000 теңге қаралып 1 сынып оқушыларына ағылшын тілі оқулығына тапсырыс берілді, қалған 3, 5 сынып оқушыларын биылғы оқу жылында оқулықпен қамту жоспарланып отыр. 
7. 2013 жылғы ҰБТ нәтижелері

2013 жылы ҰБТ Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп лицей базасында орналасқан тестілеу пунктінде өткізілді.

Аудан бойынша 1083 бітіруші болса, соның 623-і ҰБТ-ға қатысты. Қатысу пайызы – 57,7 %. ҰБТ қорытындысында ауданның орташа балы – 70,3 балды құрады. Яғни өткен 2012 жылмен салыстырғанда балдық көрсеткіш 12,1 пайызға артты. 2012 жылы ауданның орташа балл көрсеткіші – 58,2 пайыз болған.

2012 жылында өткізілген ҰБТ барысында «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған 52 баланың бірде - біреуі білімін дәлелдей алмаса, 35 «Үздік аттестатқа» үміткердің 1-уі ғана өз білімін дәлелдеді.

Ал, 2013 жылғы 3 «Алтын белгі», 3 «Үздік аттестат» иегерлері өз білімдерін қорғап шықты. «Алтын белгі» иегерлері №163 мектептен Орынбасар Самат, №192 мектептен Қабалбекова Ақнұр, №3 мектеп интернатынан Әмір Ақмаржан. «Үздік куәлік» иегерлері №213 мектептен Ержан Зейнеп, №53 мектептен Қияс Жазира, №167 мектептен Құлмахан Толғанай.

Осындай игі нәтижелерге ҰБТ-ға жүйелі түрде жүргізілген дайындықтың әсерінен қол жеткізілді.

               8. Балалардың жазғы демалысының

ұйымдастырылуы

2012 жылы аудан бойынша балалардың жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуы 75 пайызды (10525 бала) құраса, 2013 жылғы маусым қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 90 пайызға (12630 бала) жетті. Жалпы 2013 жылғы маусым қорытындысы бойынша балалардың жазғы демалыс шараларына тартылуын талдасақ:



  1. Мектеп жанынан ұйымдастырылған күндізгі лагерьлерде :

ыстық тамақпен қамту арқылы- 1900

түске дейінгі сауықтырылу шараларына- 4170

еңбекпен тынығу топтарына( бригада)- 1300

барлығы- 7370


  1. Сыртқа лагерьлерге :

«Тау самалы» лагеріне – 700 (оның 420-сы міндетті оқу қорынан)

«Талдысу» лагеріне – 300 (оның 120- сы міндетті оқу қорынан)

«Арай-Санрайз» лагеріне- 10 оқушы

Облыстан тыс жерлердегі лагерьлерге- 250 ( оның 126-сы облыс әкімінің қолдауымен, 50-уі облыстық кәсіподақтың жартылай жеңілдігімен, 46-сы «Байкен-У» және «Қызылқұм» ЖШС -нің қаржылай демеушілігімен, 30-ы өз ата-аналарының қаржысымен барды)



барлығы- 1260 бала.

  1. Спорт нұсқаушылары және аула клубтары жұмысын үйлестіруші

жетекшілігімен жазғы аула клубтарына - 2500 бала қамтылды.

4. Тамыз айында мектептерде ұйымдастырылған әртүрлі спорттық



және пәндік үйірмелерге (ҰБТ-ға дайындық, пәндер бойынша

білім жетілдіру т.б.) - 1500 бала қамтылды.

Жалпы жиынтықта - 12630, бұл 90 пайызды құрайды. Енді осы көрсеткішті балалардың жағдайына қатысты талдасақ:

  • Ауданда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған лагерь жасындағы балалар саны- 32, оның сауықтыру шараларына тартылғаны- 32 - 100%;

  • Толық емес отбасы (ата-анасының бірі қайтыс болған немесе ажырасқан) балалары саны- 431, оның сауықтыру шараларына тартылғаны- 431 - 100%;

  • Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары саны- 2180, оның сауықтыру шараларына тартылғаны- 2050 - 94%;

  • Көпбалалы отбасы балалары саны- 3700, оның сауықтыру шараларына тартылғаны- 2950 - 79 %;

  • Жалдамалы пәтерде тұратын балалар саны- 320, оның сауықтыру шараларына тартылғаны- 280 - 87,5 %;

  • Қолайсыз отбасы балалары саны-15, АІІБ-де тізімдік есепте (профилактикалық) тұратын балалар саны-6, мектепішілік бақылаудағы балалар саны-16, оның барлығы сауықтыру шараларына тартылған – яғни 100 %;

Ауданымыздағы «Тау самалы» жазғы тынығу лагері биылғы жазда 6 лекпен (поток) жұмыс жасады. Әр маусымның ұзақтығы 12 күннен болып, барлығы 760 бала тынықты. Лагерьге 2012 жылы жергілікті бюджеттен 8758,0 мың теңге қаралып, оған лагерь сырты қоршалды, қатты және жұмсақ жиһаздар алынды және жай жөндеу жұмыстары жасалды. 2013 жылғы жазғы маусымда жөндеу жұмыстарына 3,0 млн теңге бөлініп, лагерь ғимараттарының іші-сырты, едені мен потологы, есік-терезелері түгел сырланды, терезелерге жалюз, корпус алдына беседкалар орнатылып, сыртқы қолжуғыштар толығымен жаңаланды және қажетті жиһаздар-телевизор, шкаф, кереует т.б. жаңадан сатып алынды. Сол сияқты лагерьде биылғы маусымда жасанды шөппен көмкерілген спорт алаңы салынып, ауыз су мәселесі шешілді, компьютер сыныбы мен кітапхана жұмыс жасады.

Сонымен қатар, биылғы жазғы маусымда балалар үшін жасалған ең жақсы қамқорлықтың бірі- ол, облыс әкімінің қолдауымен ауданнан 126 бала облыстан өзге жерлерде демалды. Борабай қаласындағы «Контигент» лагерінде демалған 18 оқушының, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Машат» және «Тау самалы» лагерлерінде демалған 52 баланың, «Облыстық білім басқармасы олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» демалған 26 баланың және Астана қаласына саяхат жасап қайтқан мен 30 баланың қуанышы мен ата-аналарының алғысы шексіз. Сонымен қатар «КазАтомПром» компаниясы, «Байкен-U» және «Қызылқұм» ЖШС-нің қаржылай демеушілігімен, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен құрамында әлеуметтік аз қамтылған отбасы, денсаулығына байланысты демалысты қажет ететін, сонымен қатар аудандық өнер, спорт байқауларының жеңімпаздары бар, барлығы 21 жасөспірім «Машат» лагерінде демалса, 25 бала Астана қаласына өлкетану саяхатын жасады.



9. Қосымша білім берудің жағдайы

Аудан бойынша 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1-балалармен мәдени-тәрбие беру орталығы, 2-балаларға арналған өнер мектептері. Бүгінгі таңда барлығы аудан бойынша 2653 бала қосымша білім беру ұйымдарына (18%) тартылған.

Өткен оқу жылында мектептерде 810 үйірме жұмыс жасаса, биылғы оқу жылында өнер, спорт, техника және пәндік бағытта 900 үйірме жұмыс жасайды, оған 11000 бала қамтылған. Жалпы жиынтықта аудан бойынша 13500 бала (90%) бос уақытта қосымша білім берумен қамтылған.

Алдағы 2014 жылға техникалық бағыттағы үйірмелерді көбейту, бұрынғы базасының орны бар, ғимарат мүмкіндігі бар ауылдардан қосымша білім беру желісін ашуға ұсыныс берілді.

Яғни Келінтөбе елді мекеніндегі №192 мектептің бұрынғы ғимаратынан өнер және спорт бағытында 125 орындық қосымша білім беру ұйымын ашуға 11 млн. теңге, Түгіскен елді мекеніндегі №209 мектептің бұрынғы ғимаратынан өнер және спорт бағытында 100 орындық қосымша білім беру ұйымын ашуға 11700,0 мың теңге, сондай-ақ Төменарық елді мекеніндегі №53 мектеп жанынан өнер және эстетика бағыты бойынша 25 орындық қосымша білім беру желісін ашуға 2751,0 мың теңге, барлығы 25451,0 мың теңге қаржыға білім басқармасына ұсыныс берілді.

Қосымша білім беру ұйымдарына қамтылған балалар саны:

Аудандық балалармен мәдени-тәрбие жұмыстар орталығында- 22 үйірме жұмыс жасайды, оған 505 бала қамтылса,

Әлшекей атындағы балалар өнер мектебінде- 12 үйірме, 357 бала,

Бесарық балалар өнер мектебінде-12 үйірме, 145 бала,

Жаңақорған кентіндегі №7 Жаңақорған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде- 12 үйірме (57 топ), 666 бала,

Түгіскен ауылындағы №8 Жаңақорған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде- 8 үйірме (36 топ), 464,

Жаңақорған балалар мен жасөспірімдер спорт клубында – 8 үйірме, 516 бала қамтылып отыр. Барлығы: 2653 бала.

10. 12 жылдық оқыту моделіне көшуге дайындық

12 жылдық білім беруге көшудің алғышарты ретінде аудан мектептерінің орналасу картасы әзірленіп, 2015 жылы оқушыларға таңдаған бағыттары мен бағдары бойынша білім беру мақсатында аудан орталығынан 1 ресурстық мектеп салынатын болады.

12 жылдық оқыту жүйесіне педагог кдарлардың дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылға дейін аудан бойынша 1241 мұғалімді білім жетілдіру курстарынан өткізу жоспарлануда.

Осы мерзімге дейін 12 жылдық білім беру бойынша білім жетілдіру курстарынан өткен мұғалім саны -915, соның ішінде қоғамдық –гуманитарлық бағыт бойынша- 449 мұғалім, жаратылыстану-математикалық бағытында - 466 мұғалім курстан өткізілген.


11. Педагогтарға қамқорлық

Аудан мұғалімдерінің 2013 жылғы кезекті еңбек демалысы кезінде шипажайларға демалуы үшін облыстық кәсіподақ комитеті мен аудандық кәсіподақ комитетінен 30 пайыз жеңілдікпен жолдамалар бөлінді. Яғни атап айтқанда:



  1. «Меркі» шипажайына – 32,

  2. «Сарыағаш» шипажайына – 7,

  3. «Қарғалы» шипажайына – 3,

  4. «Жұмбақтас» шипажайына – 10,

  5. «Аққайың» шипажайына – 10,

6. «Жаңақорған» шипажайына – 57 дана, барлығы - 119 дана жолдама мектеп мұғалімдеріне берілді. Сонымен қатар 6 мұғалім кәсіподақ есебінен тегін Астана қаласына саяхат жасады.

Оған қосымша мұғалімнің балалары 50 пайыз жеңілдікпен түрлі лагерьлерге демалдырылды.



  1. «Тау самалы» лагеріне – 200 бала

  2. «Талдысу» лагеріне – 130 бала

  3. «Ақсу Жабағалы» лагеріне – 15 бала

  4. «Лесная сказка» (Көкшетау) – 17 бала, барлығы 362 бала лагерлерде демалдырылды.

Сондай-ақ, аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті тарапынан мұғалімдер мен мұғалімдіктен зейнетке шыққан ардагер ұстаздардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында қаржылай материалдық көмектер көрсетіліп келеді. Мерекелер мен мәдени іс-шараларға да сыйлықтар мен қаржы бөлініп отырды.

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған жиын барысында 550 әйел мұғалімдер мен ардагер ұстаздарға арнайы мерекелік сыйлықтар берілді. Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында 500 мұғалім мен ардагерлерге сый-сияпат жасалып, І санатқа өткен 16 мұғалімге сертификаттар тапсырылды.

22 Наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесінде және 9 Мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысқан 6 ардагер ұстазға қаржылай және заттай сый-сияпат жасалынды.

1 Маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты барлық балабақшаларда мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан барлық балабақшаларға қаржылай және заттай сыйлықтар берілді.


Денсаулық сақтау саласы

2013 жылы аудан халқына аудандық орталық аурухана құрамында 4 ауылдық бөлімшесімен, туберкулезге қарсы күрес диспансері, аудандық емхана, құрамында 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік акушерлік пункт және 10 медициналық пункттерімен тұрақты медициналық қызмет көрсетті.

2013 жылы аудандық орталық аурухана 195 төсек орынмен жұмыс жасады. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылы - 29,3 болса (облыс-30,0) 2013 жылы – 29,5-ті (облыс-31,3) құрады.

Бүгінгі күні ауруханада 11 бөлімше қызмет атқарып келеді, төсек орындар төмендегіше бөлінген:

Терапия, жұқпалы аурулар, перзентхана бөлімдері- 30, гинекология, балалар бөлімдері – 25, хирургия, травматология бөлімдері -20, тері-жіңішке аурулар бөлімі – 10, реабилитация бөлімі - 5 төсек орыннан. Сонымен қатар, 15 төсектік тәулік бойы қызмет атқаратын Төменарық ауылдық бөлімшесі, 10 төсектік тәулік бойы қызмет атқаратын Қандөз, Талап ауылдық бөлімшелері және 10 төсектік күндізгі қызмет атқаратын Келінтөбе бөлімі жұмыс жасады.

Аудандық аурухананың бөлімшелерінде төсек қорының тиімді пайдалануына тұрақты түрде талдау жасалып отырады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша төсек күн жоспарын 66,4 пайызға орындаған педиатрия, 57,0 пайызға орындаған реабилитация бөлімдерінің төсектері қысқартылып, соның есебінен қажеттілікке байланысты хирургия бөліміндегі травматологияның төсек саны көбейтілді.

Ауруханада 45 дәрігер, 220 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Дәрігерлердің 26,6% (12) біліктілік санаттары бар. Орта буын медицина қызметкерлерінің 45,4 % (100) біліктілік санаттары бар. 2013 жылы 3 дәрігер және 3 орта буынды медицина қызметкері жұмысқа қабылданды.

Қажетті мамандардың тапшылығын шешу мақсатында, аурухана қаражаты есебінен эндокринолог және неанотолог мамандарының білімдері жетілдірілді.

Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында 2013 жылы 1644,0 мың теңгеге медициналық құрал-жабдық (функциональды кровать- 900,0 мың тенге, фетальды монитор- 744,0 мың тенге) сатып алынды.

2013 жылы барлығы 7930 (2012ж-7610) науқас емделіп шықты. Емделіп шыққан науқастардың емхана арқылы жоспарлы түрде түскені-3151 (2012ж-2710), шұғыл түскені-4779 (2012ж-4900).

Телемедицина арқылы 21 (2012ж-17) науқасқа облыстық мамандардан кеңестер алынды.

Санитарлық авиация арқылы 87 (2012ж-53) науқас облыстың емдеу мекемелеріне жолданып, 85 (2012ж-102) науқасқа облыстық мамандар келіп және телефон арқылы кеңестер берді.



Аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде 5 дәрігер қызмет жасайды, олардың 60,0% (3) санаттық дәрежесі бар. 30 орта буынды медицина қызметкерлерінің 22-ң санаттық дәрежесі бар ол 73,3% құрайды. Диспансер қазіргі таңда 25 төсек орында Шиелі-Жаңақорған аудандарының туберкулездің «БК-» түріндегі науқастарын сауықтыруда. 2013 жылы 64 науқас ем алып шықты, оның ішінде 5 науқас Шиелі ауданынан. Төсек орын жоспарының орындалуы 70,4% .

Диспансер мамандары күшімен туберкулез ауруларының сүйемелдеп емдеу кезеңін бақылау үшін, 2 рет мониторингтік бақылау жасалды. Аурушаңдықтың алдын алу мақсатында 24 наурыз Бүкілдүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай Төменарық ауылдық округінде облыстық тубдиспансер, аудан әкімшілігі, білім бөлімі, ауыл әкімі, мектеп директорлары және ауыл халқының қатысуымен «Туберкулезді емдегеннен, алдын алу жеңіл» атты акция өткізілді.

Аудандық емханада 86 дәрігер, 454 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды. Дәрігерлер медициналық қызметтің 25 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді. 36 дәрігердің біліктілік санаты бар, ол 41,9% пайызды құрайды. 344 орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілік санаты бар (75,8%),

Аудандық емханаға бекітілген халық саны 75 755. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны -24300, жасөспірімдер – 4432, туу жасындағы әйелдер саны -19565.

2013 жылы 2208 сәби дүниеге келіп, туып-көбею көрсеткіші 29,1 промильді құрады. Аудан бойынша 2013 жылы барлығы 404 адам қайтыс болды, 1000 адамға шаққандағы көрсеткіш – 5,3 промиль. 2012 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш тисінше: 425 адам қайтыс болып, 1000 адамға шаққандағы көрсеткіш – 5,6 промиль болған еді. Негізінен қайтыс болу себебінде жүрек қан тамыр аурулары мен қатерлі ісік аурулары басымдыққа ие болып отыр. Табиғи өсім 23,8.

Жыл басында диспансерлік есепте барлығы - 15 221 науқас болса, жыл соңында 15 004 науқас есепте тұрды.

Оның ішінде: ҰОС-ның мүгедектері - 7, ҰОС - ның ардагерлері-11, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандар-28, интернационалист жауынгерлер-49, Семей ядролық полигонында қызмет еткен азаматтар-98.

Аудандық емханана ұйымдарында жалпы 426661 қабылдау жүргізілген. Орташа жыл бойына әр-бір тұрғын 5-6 рет қабылдауда болған. Оның ішінде науқасы бойынша қабылданғаны 76 624. Бірінші рет тіркелгені 54 705. Есепті жылы бірінші рет тіркелген аурулардың ішінде жүрек қан тамыр аурулары мен нерв жүйесі ауруларының өскені байқалады.

Халық арасындағы әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі туберкулез бен қатерлі ісіктер. Туберкулезді анықтау мақсатында флюрографиялық тексеру арқылы – 26841, қақырық арқылы 807, барлығы үстіміздегі жылы ауданда 27648 адам тексеруден өтті.

Манту сынағы нәтижесінде анықталған 478 «Вираж», 32 «гиперергиясы» бар балалардың барлығының 100% химпрофилактикалық ем қабылдады.

Жаңадан бірінші рет ауырып 44 науқас тіркелді (оның ішінде 1-бала, 1-жасөспірім, 38-ересектер).

Аудан көлемінде туберкулездің дәріге тұрақты (мультирезистентті) түрімен 36 науқас есепте тұрады, оның 22-і ем қабылдауда. Осы науқастармен қарым – қатынаста болғандар уақтылы тексерумен қамтылды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды туберкулез ошағынан 100 пайыз оқшаулау мақсатында аудан орталығындағы 90 орындық санаториялық типтегі «Алпамыс» бала-бақшасының мүмкіндіктері тиімді пайдаланылуда.

Қатерлі ісік бойынша қазіргі таңда 278 науқас онкологиялық есепте тұрады. Есепті кезеңде 81 науқас есепке алынып, 50 науқас есептен шығарылды. Жаңадан есепке алынғандар ішінде негізінен өңеш, асқазан, өкпе, сүт безі қатерлі ісіктері анықталған. Осы науқастардың 57,5 пайызы 3-4 сатысында, яғни кеш анықталып отыр.

Жыл көлемінде ауруханаға жатқызу бюросы порталы арқылы аудан бойынша 918 науқас облыстық емдеу мекемелеріне және 1525 адам аудандық ауруханаға жатқызылып, 173 науқас басқа облыстарға жіберілсе, 153 адам республикалық орталықтарға жолданды.

Түрлі әлеуметтік аурулардың алдын алу бағытындағы тұрғындарды скринингтік тексеруден мақсатты өткізу жұмыстары да қарқынды жүргізілді. 2013 жылы 6000 – ның үстінде аудан тұрғындары қан айналым жүйесі аурулары, асқазан, өңеш және бауыр, сүт безі, жатыр мойны, қуық асты безі, жуан және тік ішек обырына, глаукомаға, қант диабетіне арнайы тексерілді. Нәтижесінде 55 адам асқазан, өңеш және бауыр ауруларымен анықталса, сүт безі обырының алдын алу бойынша 3 адамнан қатерлі ісік, сондай-ақ 10 адамнан жатыр мойнының аурулары, қуық асты безі обыры бойынша 1 адам, жуан және тік ішек обырымен 1 адам, глаукомамен 15 адам, қант диабетімен 42 адам анықталды. Қан қысымының жоғарылығы мен жүректің ишемиялық аурулары бойынша 412 адам диспансерлік есепке алынды. Тексерулер нәтижесінде анықталған аурулар бойынша емдеу-сауықтыру шаралары жүргізілді.

2013 жылдың сәуір айынан бастап орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында аудандық емхана жанынан арнайы оқу орталығы ашылды. Жыл көлемiнде аудан халқына қызмет көрсететін емдеу мекемелерінен 103 орта буынды медицина қызметкерлері аудандық осы орталықта сала дәрігерлерінен дәріс алып, өз біліктіліктерін арттырса, 144 орта буынды медицина қызметкерлері облыс орталығында білімдерін жетілдіріп қайтты. Сала ардагерлеріне құрмет көрсету, жастарымыздың бойында отансүйгіштік сезім қалыптастыру, оларға тәлім-тәрбие беру мақсатында аудандық емхана филиалы ғимаратының жанынан «Денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің аллеясы» ашылды. Әбдіғаппар елді мекенінде ауыл тұрғындарына көрсетілген жылжымалы медициналық кешен қызметі «Қазақстан», «24 КZ», «Қазақстан-Қызылорда» телеарналарына түсірілді. Қазақстандағы халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар бойынша жүргізілген мемлекеттік статистикалық есептілікке сәйкес «Жаңақорған аудандық емханасы» «Қазақстан көшбасшысы 2013» Ұлттық сертификатын алды.

Республика бойынша денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында негізгі мақсатты көрсеткіштер айқындалып бекітілген болатын. Жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың барлығы сайып келгенде осы көрсеткіштермен бағаланады. Бағдарламаның бекітілген көрсеткіштеріне сәйкес 1000 адамға шаққанда жалпы өлім-жітім 8,14-тен аспауы тиіс болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 4,78-ді құрады. Сондай-ақ 10 мың тұрғынға шаққанда алғашқы мүгедектікке шығу көрсеткіші 28,4 болса, аудан бойынша 17,8. Сәбилер өлім-жітімі 1000 тірі туылған сәбиге шаққанда 14,1-ден аспауы тиіс болса, бұл көрсеткіш 11,6 құрады. Жүрек-қантамырлары ауруы бойынша 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдықтың жоспарлы көрсеткіші 374,8-ден аспауы тиіс болса, бұл көрсеткіш 69,0 болып отыр. Туберкулезден өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 12,0-ден аспауы тиіс болса, биылғы көрсеткіш -1,3 деңгейінде болды. Адамның иммун тапшылық вирусы (СПИД) ауруларының таралуынан да жылдық көрсеткіш 0, яғни науқас тіркелмеген. Осындай көрсеткіштер негізінде 2013 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңақорған аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны халықаралық стандарттарға 71% сәйкестікпен 2 жыл мерзімге аккредитациядан өтті.

Елбасымыз өзінің Жолдауында: «Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою керек» деген болатын. Осы орайда 2013 жылдың сәуір айынан бастап ауданда алғаш рет аудандық емхана жанынан «Денсаулық – ұлт байлығы» атты ақпараттық - танымдық басылым жарық көрді. Басылым бетінде аурулардың алдын алу, дәрігер кеңестері, сала жұмысындағы жаңалықтар, тағы да басқа мақалалар жарияланып келеді.

Сапалы медициналық қызмет көрсетуде материалдық техникалық базаның да алатын орны ерекше. Сол себепті де 2013 жылдың басты жетістігінің бірі деп ауысымында 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысын айтуға болады. Бірнеше жылдан бері емхана әкімшілігі мен аудан әкімдігі тарапынан емхана құрылысын бастауға жұмыс жасалып келген болатын. Облыс әкімдігі, денсаулық сақтау министрлігі, парламент депутаттарымен жұмыстар жүргізілді. Бірақ, белгілі себептермен жылда кейінге қалдырылып келді. Дегенмен де, облыс әкімдігімен, денсаулық сақтау министрлігімен, парламент депутаттарымен бірлесе жүргізген жұмыстар өз нәтижесін беріп, құрылыс 2015 жылдың жоспарына енгізілді. Осы орайда жерлесіміз депутат Құттықожа Ыдырысов ағамыздың еңбегін де атап өткен жөн.

Сонымен қатар аудандық емханаға 2013 жылы замануи құрал жабдықтармен жабдықталған 2 жедел жәрдем автокөлігі берілсе, 2014 жылы Сунақата, Сүттіқұдық, Түгіскен елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар жаңадан салынады, Төменарық, Қандөз, Талап, Келінтөбе, Қожакент, Бірлік елді мекендерінде тәулік бойына стационарлар тұрақты жұмыс жасайтын болады.
Мәдениет және тілдерді дамыту саласы

Ауданы бойынша 2 мәдениет үйлері мен 26 ауылдық клубтар, 3 мәдени жылжымалы демалыс кешендері, 8 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.

Мәдениет мекемелерінің 2012 жылғы жалпы бюджеті 253904,0 мың теңгені құраса, 2013 жылы – 346747,0 мың теңгеге жетті.

Есепті кезеңде аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 15497, 0 мың теңге, Ордакент кинотеатрына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 1800,0 мың теңге, Қаратөбе, Қандөз ауылдық клубтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба - сметалық құжатарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге -2911,0 мың теңге, ұлттық киімдер алуға – 600,0 мың теңге, мәдениет мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға – 2755,0 мың теңге, мәдениет үйіне қарасты трансформаторларды жөндеуден өткізуге – 236,0 мың теңге, Мемлекет және қоғам қайраткері Садықбек Сапарбеков пен Исатай Әбдікәрімовтерге арналған мәдени шараларға және басқа да мәдени шараларға – 15480,0 мың теңге, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 800,0 мың теңге, Сыр бойынан шыққан саңлақ өнер иелерінің, ақын-жазушыларының, соңғы буын қазіргі өнерпаздардың дауысы жазылған «Қайталанбас дауыстар» атты музыкалық анталогияны алу үшін –1500,0 мың теңге, мәдени шараларды өткізуге – 5003,0 мың теңге бөлінген қаржылар толығымен игеріліп тиісті жұмыстары атқарылды.

Аудандық кітапхана ғимараты мен «Ордакент» кинотеатры ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен трансфертпен бөлінген 68634,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 7625,0 мың теңге, барлығы – 76259,0 мың теңге қаржы

бөлінсе, мәдени көпшілік шараларды өткізуге - 4503,0 мың теңге тілдер саясатын іске асыруға 723,0 мың теңге бөлінген қаржылары толығымен игерілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет