Жаңартылған білім беру мазмұНЫ



бет1/8
Дата06.12.2023
өлшемі316.34 Kb.
#485703
  1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-38689


Педагогикалық өлшемдердің әдістері

Қарастырылатын сұрақтар

1.«Өлшеу әдістері» ұғымының мәні. Педагогикалық өлшем әдістерінің түрлері

2. 360 градус әдісі


Е. Арынның жалпы редакциясымен жарыққа шыққан «Орысша-қазақша түсіндірме сөздікте төмендегідей анықтамалар берілген:
-әдіс, метод (гр. methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі;
- әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады;
-құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
-әдіс - (Грек. methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі;
-(Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.

:

Педагогикада әдіс-нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық 

тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің,

операцияларының жиынтығы. 

Өлшеу әдістері дегеніміз - нақты бір нәрсені өлшеу үшін таңдалған өлшеу принциптері мен құралдарын пайдалануға бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу принциптерін теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.

Өлшеу әдістері дегеніміз - нақты бір нәрсені өлшеу үшін таңдалған өлшеу принциптері мен құралдарын пайдалануға бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу принциптерін теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.


Білімге объективті сандық баға беруге ұмтылу оқытудың нәтижелерін өлшеуге арналған сенімді әдістерді, форма – құралдарды іздестірумен ұштасады.
Оқушылардың оқу жетістіктерінің сапасын өлшеу үшін педагогтардың ең көп қолданатын әдістер қатарына: бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктанттар және т. б. жатады. Олар оқушылардың типтік міндеттерді шешуге қажетті білімдерінің, дағдылары мен біліктерінің деңгейін анықтауға бағытталған.
Педагогикалық диагностиканың инновациялық тәсілдеріне біз эссе, жарыс, пікірталас, турнир, конкурс және т.б. жатқызамыз.
Педагогтер арасында кеңінен таралған педагогикалық диагностиканың инновациялық тәсілдері оқушылардың шығармашылық міндеттерді шешуге дайындығын, құзыреттілік деңгейін, білімділік деңгейін анықтауға және бағалауға, жазу, мәселеге өз мәтінін қисынды құрастыра білу және оны баяндау, шығармаға, мәселеге баға беру дағдысын анықтауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет