Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды



бет6/26
Дата03.01.2022
өлшемі406.15 Kb.
#451792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Aytbaev Damir

1.3 Су әкету жүйелері
Суды әкету жүйелері ластанған судың үш категориясын бірге немесе бөлек ағызуына байланысты жіктеледі.

Суды әкету жүйелерінің жалпы ағызатын, бөлек ағызатын, жартылай бөлінген және қиыстырылған түрлері болады.

Жалпы ағызатын жүйеде ластанған судың барлық түрін (тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр суын) бірге бір құбырмен әкетеді.

Бұл жүйенің ерекшелігі лас су қоспасының бір бөлігін суатқа жіберетін нөсер өткізгіш болады. Суатқа тасталынатын лас су шығыны өзен суының шығынына және оның өзін-өзі тазалау қабілетіне байланысты. Жеке нөсер өткізгіштен лас судың тасталу көлемі оның орналасу орнына байланысты. Коллектор соңында немесе сорғыштар бекетінің алдында орналасқан нөсер өткізгіштер арқылы үлкен көлемде лас су тасталынады, ал коллектор басында орналасқан нөсер өткізгіштен аз көлемде су тасталады.

Бөлек ағызатын жүйе екі түрге бөлінеді: толық бөлінген және толық бөлінбеген жүйе.

Толық бөлінген жүйеде екі немесе бірнеше су әкету торабы болады. Олардың әр қайсысы лас судың жеке түріне арналады Соңғы жылдары суаттарды ластанудан қорғау талаптары өсті. Бұл талаптарға сәйкес жаңбыр суларын, еріген қар суларын және жолдарды жуғанда пайда болған лас суларды тазаламай суаттарға тастауға болмайды.

Толық бөлінбеген жүйеде бір ғана (тұрмыстық және өндірістік лас суды әкетуге арналған) су әкету торабы болады. Бұл торап тұрмыстық–өндірістік деп аталады. Жаңбыр суын суатқа әкету үшін ашық науалар, жолдардың кюветтері қолданылады.

Жартылай бөлінген жүйеде кем дегенде екі су әкету торабы болады: тұрмыстық-өндірістік және жаңбыр суын әкетуге арналған тораптар. Осы тораптардың қиылысқан жерлерінде бөлу камераларын орналастырады. Жаңбырдың бас кезінде жаңбыр суының шығыны аз мөлшерде болғанда камера бұл суды негізгі коллекторға, яғни тұрмыстық-өндірістік торапқа жібереді. Осыған байланысты жаңбырдың бас кезінде пайда болатын өте лас бөлігі түгелдей тазартуға әкетіледі. Жаңбыр торабында нөсер кезінде пайда болатын көп ластанбаған су тазартылмай-ақ суатқа жіберіле береді, ал тұрмыстық-өндірістік торапқа жаңбыр суының ең астыңғы ағыс қабаты (ең лас бөлігі) түседі.

Сарқынды суды әкету жүйелерінің сұлбалары 1 – суретте келтірілген.


а) жалпы ағызатын жүйе; ә) толық бөлінген жүйе;

б) жартылай бөлінген жүйе

1 - тұрмыстық торап (коллектор); 2 - жаңбыр торабы; 3 - негізгі коллектор; 4 - нөсер өткізгіштер (бөлу камералары); 5 - нөсер әкеткіштер; '6 - тазалау ғимараттары; 7 - суатқа тастау; 8 - арынды құбырлар; 9 - сорғыш бекеті; 10 - жаңбыр торабының негізгі коллекторы; 11 - реттеуші резервуар; 12 - жаңбыр суының сорғыш бекеті; 13 - жаңбыр суын тазалау ғимараттары; 14 - жаңбыр суын суатқа тастау; 15 - өндірістік шартты-таза су
1 Сypет–Ластанған суды әкету жүйелері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет