Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды


Қазақстандағы сарқынды суын тазартудағы қазіргі жағдайы



бет4/26
Дата03.01.2022
өлшемі406.15 Kb.
#451792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Aytbaev Damir

1.2 Қазақстандағы сарқынды суын тазартудағы қазіргі жағдайы
Қазақстанда 14 облыс және 3 республикалық маңызды қала, 39 облыстық және 45 аудандық маңызды қалалар, 7128 ауыл бар. Қазіргі және келешек тұрғындарының болшағы үшін қоршаған ортаны жақсарту, таза ауа суды қорғау, жерді тиімді пайдалану тағы басқа да адам өміріне қажетті табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі күнде маңызы зор. Сонда да көптеген елді мекендерде сарқынды суды әкету шараларына толық көңіл бөлініп жатқан жоқ, олардағы тазарту ғимараттары тиімді тазарту мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмайды немесе кейбір елді мекендерде сарқынды су тазартылмай суаттарға тасталынып жатыр.

Қазақстандағы республикалық маңызы бар қалаларының бірі Алматы қаласының сарқынды суды тазарту жағдайына тоқталсақ.

Алматы қаласындағы тұрғындар саны соңғы мағлұматтар бойынша 1854,6 мың адам. Алматы қаласы, сонымен қоса бірнеше Алматы облысының елді мекендерінің сарқынды сулары Алматы қаласы аэрация бекетіне, яғни сарқынды суды тазарту ғимараттарына тасталынады.

Тазарту бекетінің өнімділігі 640 мың м³/тәул. Тазарту бекеті механикалық тазарту ғимараттарынан (пайдалануға 1970 жылы берілген), биологиялық тазарту ғимараттарынан (пайдалануға 1980 жылы берілген), ұзындығы 45 км болатын тазарған сарқынды суды Сорбұлақ су қоймасына тастауға арналған каналдан және Іле өзеніне тастауға арналған каналдан тұрады.

Механикалық тазарту ғимараттарына кереге, құмұстағыш және бірінші сатылы тұндырғыштар кіреді. Керегенің саңылауларының ені 16-18мм.

Кереге ұсталатын қоқыстар тартпаға механикаланған тырнауыштар арқылы алынады, содан кейін және су көліктер арқылы жинағыш тоғанға арман қарай жою орнына жіберіледі.

Сарқынды суды тазарту бекетінде көлденең түзусызықты қозғалысты 5 құм ұстағыш орнатылған. Құм ұстағыштардың ені 6 м, ұзындығы 20 м, сонымен қатар құм ұстағыштар ұсталған құмды жинағышқа жеткізуге арналған гидроэлеватормен және гидрожуғышпен жабдықталған. Сонымен бірге Алматы қаласы аэрация бекетінде үш топқа біріктірілген әрбір топ радиальды тұндырғыштан тұратын бірінші сатылы тұндырғыштар қарастырылған. Тұндырғыштардың диаметрі 40м, гидравликалық тереңдігі 4м. Тұндырғыштаран шыққан тұнбаның орташа ылғалдылығы 98%, ол ортадан тепкіш сорғыштар арқылы әкетілед.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет