1 Технологиялық бөлім
Нысанның қысқаша мінездемесі
1.1.1 Оpнaлaсқaн жеpі
Жобаланған нысан – Алмалы ауданы Алматы шаһарының орталық бөлігінде орналасқан. 1995 жылдың 12 желтоқсанында Совет ауданы Алмалы ауданы болып өзгертілді. Алмалы ауданы қаланың дәл орталығында орналасқан. Бұл аудан ұзақ жылдар бойы қаланың әкімшілік орталығы, сондай–ақ мәдени және қоғамдық өмірдің орталығы болды. Қазіргі санақ мәліметтері бойынша, Алмалы ауданында 449 өнеркәсіптік кәсіпорын және 624 сауда орны бар. Ауданда 20 жоғарғы оқу орны, 29 мектеп, 21 мемлекеттік және 8 жекеменшік балабақша, 29 Денсаулық сақтау мекемесі, 5 мұражай, 8 кітапхана, 2 кинотеатр және 5 театр жұмыс істейді.
Жұмыс барысында аумақтың заманауи жағдайы бойынша, жаңбыр коллекторларын салу, жаңбыр су қоймаларының құрылысын салу кезінде аумақтың ағымдағы жағдайына байланысты бастапқы материалдар жиналып зерттеу жүргізілді. Алмалы ауданының алаңы 18.4 мың шаршы метр құрайды. Ауданның халық саны 215 885 адам.
Ауданның жоғарғы жағы тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір негізінде борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбасты шөгінділерден түзелген. Оның беті сары, борпылдақ топырақ қабатынан, құмды-саздан тұрады. Таудан түсетін жер асты және жер үсті ағындарының сүзілуінің арқасында жер асты суларының мол қоры жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |