Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды


Жаңбыр канализациясының атқаратын міндеттері



бет10/26
Дата03.01.2022
өлшемі406.15 Kb.
#451792
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Aytbaev Damir

1.4.2 Жаңбыр канализациясының атқаратын міндеттері
Жаңбыр канализациясының негізгі атқаратын міндеттері елді мекендердегі, өнеркісіп орнындағы жаңбыр суын суаттарға алып кету. Үй ішіндегі жаңбыр жүйелері үйдің шатырларында пайда болатын жаңбыр суын алып кетуге қолданылады. Сыртқы жаңбыр жүйелері жер асты құбырларынан және жаңбыр қабылдағыштардан тұрады. Сыртқы жаңбыр канализациясы үш түрлі болады: ашық, жабық және аралас.

Алматы қаласында жаңбыр суымен еріген суды әкететін жабық жаңбыр жүйесі жоқ. Бұл су қазіргі кезде жүйесіз бытырап әкетіледі. Су әкету бессейіндерінің жаңбыр суы жер бедерін пайдаланып арықтармен, науалармен, жыралармен әкетіледі. Су әкету бассейіндерінің жаңбыр суымен еріген суды әкететін жабық жаңбыр жүйесі жоқ. Бұл су қазіргі кезде жүйесі бытырап әкетіледі. Су әкету бассейіндерінің жаңбыр суы жер бедерін пайдаланып арықтармен, наулармен, жыралармен әкетіледі.Бірен–саран үлкен және Кіші Алматы өзендеріне, Көктем, Қарасу т.б. басқа өзендер түседі. Арықтар толып жетіп жолдың көлік жүретін бөліктермен төмен жерлерде салынған үйлер, ғимараттар су астында қалуы мүмкін.

Сондықтан жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып қазіргі кезде Алматы қаласының абаттандыру дәрежесіне сай жабық жаңбыр жүйесін салу қажеттігін ескеру керек. Келешекте Алматы қаласы толық бөлінген канализация жүйесімен жабдықталатын болады.Кварталдар ішінде жаңбыр қабылдағыштардың санын азайту және жаңбыр жүйелерінің құбырларының диаметрін кішірейту үшін квартал аралық тораптарды ашық науа түрінде салған тиімді болып саналады.

Қала ішіндегі үлкен өндіріс орындарында пайда болған жаңбыр суын жергілікті қондырғыларды тазартып сол өндірісте техникалық су жүйесінде пайдалану көзделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет