Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері.
Еңбекке ақытөлеудіңмерзімді жүйесі жұмыс істелінген уақыт үшін ақы төлеуді тарифтік ставканыңнегізінде жүргізуді көздейді яғни бұл жүйеде қызметкердің жалақысы оның тарифтік ставкасына және іс жүзінде жұмыс істелген уақытқа байланысты болады. Мұндай жалақыныңмөлшерін келесі формула ойынша анықтауға болады.
Жм= Тс х У
Бұл жерде:
Жм – мерзімді қызметкердің жалақысы;
Тс – тарифтік ставка;
У – қызметкердің іс жүзінде жұмыс істеген уақыты (күндер, сағаттар, айы).
120-бап. Еңбек кодексі 2007ж. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағымемлекеттік кепілдіктер:
айлық жалақының ең төменгі мөлшерін;
осы кодекістің 122-бабына сәйкес айқындалатынсағаттық жалақыныңең төменгі мөлшерін;
еңбекке ақы теудің ең төменгі стандарттарын;
үстеме жұмыс үшін ақы төленуді;
мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс үшін ақы төлеуді;
түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді;
жұмыскердің жалақысынанұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;
жалақының толық және уақытылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағымемлекеттік кепілдіктердіңіске асырылуын мемлекеттікбақылауды;
жалақы төлеудің тәрітібі мен мерзімдерін қамтиды.
121-бап. Еңбек кодексі 2007ж. Жалақының мөлшері.
Қызметкердің айлық жалақысының өлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.
Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері ҚР-ның заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауғатиіс.
Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау – еңбек үрдісінде адамның қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі.
ҚР еңбекті қорғау маңызы әлеуметтік мәнге ие, ол өндірісте еңбектің қауіпсіз әрі жағымды жағдайын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау деңгейі еңбекті қорғау саласында инженерлі-техникалық жұмысшылардың біліктілігіне бағынышты болады.
«Еңбекті қорғау» түсінігіне үш негізгі аспект енеді:
Еңбек заңдылықтары – бұл өндірістегі еңбек қарым-қатынастарын, жұмыс күні мен демалыстың тәртібін анықтайтын құқықтық және ұйымдастырушылық іс- шаралары.
Өндірістік санитария – бұл жұмысшылардың денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың алдын алатын ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитарлы- техникалық іс-шаралар мен құралдардың жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы – бұл жұмысшаларға қауіпті өндірістік факторлардың әсерінің алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасының іс-шаралары – бұл еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндірістік жарақаттың алдын алатын жұмыс тәсілдері мен техникалық құралдардың кешені. Олар жұмыстың әртүрлі түрлерін орындаудың қауіпсіз тәсілдерін дайындауға, технологиялық үрдістерді жақсартуға, қауіпсіз техника мен технологияны енгізуге, қорғаныш қондырғыларын, белгі берудің автоматтық жүйелерін, жеке қорғану құралдарын пайдалануға бекітілген.
Соңғы уақыттарда кез-келген өндірісте, оның ішінде геологиялық барлау өндірісінде еңбектің эстетикалық жағдайына – жұмыс орындарын түстік рәсімдеуге, жұмыс орындарында функционалдық музыканың болуына, қолданылатын жабдықтың тиімді конструктивті элементтерінің болуына ерекше назар аударылады.
Еңбек жағдайы барлық өндірістік көрсеткіштер – еңбектің өнімділігі, жұмыстың сапасы, жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін үлкен мәнге ие, олар адамның жұмыс жүргізу қабілетіне де шешуші әсер етеді.
Адамдардың өндірістегі еңбек қызметі «Адам – еңбек құралы – еңбек заттары - өндірістік орта» деген өндірістік жүйе шегінде жүзеге асады. Сондықтанда жұмыс жағдайы, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі мұндай жүйенің барлық элементтері бір-бірімен қаншалықты байланыстылығына, қолайлылығына, қауіпсіздігіне бағынышты болады.
Еңбектің қауіпсіз әрі тиімді жағдайы мен авариясыз жұмыстарды қамтамасыз етудің маңызды мәселелеріне геологиялық барлау жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін, өндірістік санитарияны, өрттің алдын алу мен тау кен қорғау ісін тереңінен біліп, қатал түрде орындау; жұмысшыларды арнайы дайындалған қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігінің нұсқауларына сай жұмыстың дұрыс және қауіпсіз тәсілдеріне үйрету.
Әлеуметтік даму жоспары – әлеуметтік – экономикалық үрдістерді басқару құралдарының бірі. Әлеуметтік даму жоспарының міндеті кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларына сай және соның негізінде еңбек ұжымының әлеуметтік дамуын жоспарлы түрде бағыттап, еңбекшілердің материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, тұлғаның жан - жақты даму жағдайын қалыптастырудан тұрады. Әлеуметтік даму жоспары перспективті жоспар болып табылады.
Ұжымның әлеуметтік даму жоспарына мына бөлімдер енеді: техникалық прогресс, өндірісті дамыту мен жетілдіру, ұжымның әлеуметтік құрылымын жоспарлы түрде жетілдіру, оған әлеуметтік-демографиялық құрам мен біліктілікті-кәсіби құрылым, жұмыс жағдайын жақсарту, жұмысшылардың еңбегі мен денсаулығын қорғау, тұрғын үй және мәдени- тұрмыс жағдайларын жақсарту, еңбек тәртібін нығайту жатады.
Еңбекті қорғау саласындағы маңызды қозғалыстар ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты. Өндірісті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру еңбекті жеңілдетіп, ауыр және шаршататын дене еңбегін жойып, жарақат алу ен кәсіби аурулардың алдын алып, өндіріс ортасының қолайлы жағдайын құрып, еңбек өнімділігін арттыру үшін қолданылады.
Геологиялық мекемелерде геологиялық барлау жұмысының барлық түрлерін жоғары дәрежеде механикаландыру мен еңбек жағдайын жеңілдетіп, жақсарту мақсатында өндірістің тұрақты технологиясының болуына ерекше назар аударады.
Қауіпсіздік техникасы мәселесімен жүйелі және кешенді түрде айналысу үшін кәсіпорын жетекшілері мен инженер-техник жұмысшылар нұсқауға сай ережелердің талаптарын тереңінен біліп, өздерінің қол астындағы жұмысшыларының осы талаптарды сақтауын қамтамасыз етуді орындай алулары керек.
Еңбек туралы заңдарда еңбекшілердің дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайына құқылы екендіктері көрсетілген, кәсіпорын әкімшілігі, ұйымдар мен мекемелер қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етулері керек. Әкімшілік жарақаттанудың алдын алатын техниканың қазіргі кезгі құралдарын енгізіп, жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларының алдын алатын санитарлы-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Өндірістік белгідегі нысандарды (жаңа немесе жөндеуден өткен) пайдалануға қосу дұрыс әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз еткенде ғана рұқсат етіледі.
Егерде жауапты тұлғалар мен әкімшілік қауіпсіздік талаптарын бұзып, мұның салдарынан жұмысшы немесе қызметкер жарақат алса, кәсіпорын мен мекемелер материалды жауапкершілікке тартылады.
Еңбекті қорғау еңбектің дұрыс және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етудің шараларын жүзеге асыратын күрделі кешенді қамтиды. Ол еңбектің қауіпсіздік мәселелеріне, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігіне және тау-кен қорғау ісіне күнделікті ерекше назар салуды талап етеді және ол кез-келген техникалық шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар әрбір өкімде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |