Жалпақ жапырақтардың ерекшеліктері (қылқан жапырақтылардан айырмашылығы)



бет5/5
Дата05.10.2023
өлшемі29.34 Kb.
#479883
1   2   3   4   5
7.1 лекция

Арктикалық немесе полигональды тундра. Бұл Солтүстік Мұзды Мұхит жағалауын,Вайгач аралынан бастап, Чукотка түбегіне дейін қамтиды.Сыртқы құрылысына қарағанда, шөлді жердегі тақырға ұқсайды.Бұталы өсімдіктер мүлдем болмайды.Өсімдіктер барлық жерде бірдей таралмаған, бір жері жалаңаш тақыр болса, екінші жеріндн анда-санда өсімдіктер кездеседі.Қысы қатал, қары аз,сол себепті кей жерлерде жер жпрылып кетеді де, сол жарықтарда өсімдік өседі.Өсімдіктерден:бұлдырық оты, қияқтар,поляр қызғалдағы, ботакөз, бұталы қыналар жиі кездеседі.
Теңбіл тундра. Қар суымен жерлердегі топырақты шайып кетеді де жалаңаштанып, ондай жерлерге шөп шықпай теңбіл-теңбіл болып жатады.Негізгі өсімдіктері мүктер мен қыналар.Анда-санда қияқтар, бұлдырық оты, арктикалық қоңыр бас, өзен аңғарларында бұта, поляр қайыңдары кездеседі.Қияқ, мүк, қоғк және қалтагүлдер өскен батпақты жерлері көп болады.
Бұталы тундра. Бұл хона тармағында жауын-шашын көбірек түсіп, қар жамылғысы сақталып, қыста соғатын соғатын желдер өсімдіктерге аса зиян келтіре қоймайды.Мұнда, әсіресе, бұталар,тырбақ қайың, темірлі қайың (Енисейдің шығысқа қарай), талдар (шөптесін, мұзды)жиірек кездеседі.Өзен аңғарларында бұталы қандыағаш,Чукотка мен Анадарда биіктіктерде 0,5-1 м кейде 2-3 м-ге жететін самырсынды стланец өседі.Су аңғарларында:көкжелек, ит бүлдірген, мүкжидек, сиқты бұтплв жидектер, бұталы жидектер, бұталы қызанақ (ьагульник) кездеседі.Құмдауыт жерлерінде қыналар өседі.
Соңғы тундра табиғат белдеуінің тармағы-оңтүстік тундрасы. Өзен алқабында қысқа қайыңдар (Қола түбегі), Сібір шыршасы (Ақ теңіз), Сібір және Дәуір балқарағайы (Сібірде), Корея талы және қандыағаштардан тұратын ормандар кездеседі. Бұталы ярусында аласа қайың, аршалар және жидектерден: көкжелек, ит бүлдіргендер бар. Тундра орманының өзіне тән ерекшелігі болады. өйткені қыста күртік қардан шығып тұрған бұтақтарының бәрі үсіп кетеді, сөйтіп өсу өркені үсіп кеткен ағаштар жайылма бұтақты, аласа болып өседі.
Солтүстік Америка тундрасы тіршілік иелерінің кедейлігімен сипатталады. Өсімдіктер - қияқ, қына (кладония) және ягел сияқты аласа өсімдіктер. Ылғалды жерлерінде қоға, ал қар көп жиналған жерлерінде желайдар, қоңыраубас, наурыз шешек, қызғалдақ өсімдіктері кездеседі. Тіршілік жағдайларының жыл маусымдарында жиі өзгеруі тундрада мекендейтін жануарлар дүниесінің жаздағы және қыстағы түрлік құрамының әрқилы болуына әсерін тигізген. Қыс айларындағы алақоржындар, солтүстік бұғысы, тундра кекілігі, тышқандардың кейбір түрлері кездеседі де, жазда үйрек, қаз, аққу сияқты ірі, балапандары тез өсетін құстар келеді. Мұндай су құстары жазда тундраның батпақтарында, көлдеріне көпшіліктерінде кездесетін балшықшылармен қосылып, құстардың тундрадағы экологиялық үлкен тобын құрайды. Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылармен кездеспейді. Насекомдардан: масалар, шіркейлер, шыбындар, соналар, бөгелектер мен оқырлар сияқты қос қанаттылар өте көп.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет