Жалпақ жапырақтардың ерекшеліктері (қылқан жапырақтылардан айырмашылығы)



бет2/5
Дата05.10.2023
өлшемі29.34 Kb.
#479883
1   2   3   4   5
7.1 лекция

Қылқан жапырақты ормандар аймағы
Қылқан жапырақты ормандар табиғи белдеуі (қылқандары ине тәрізді орман) Солтүстік жарты шарда кең тараған. Климаты қоңыржай суық,қысы аязды, жазы жылы.Жауын-шашын мөлшері жылына 350-500 мм.Қыста, әсіресе, Батыс және Шығыс Сібірде төменгі температураның әсерінен топырақ тоңып қалады. Қылқан жапырақты орман Европада, Солтүстік Азияда, солтүстік Американың географиялық кең алқабын қамтып, солтүстік жарты шардың орман табиғат белдеуінде циркулярлы белдеу тармағын құрайды. Қылқан жапырақты ормандардың биоценозы қарапайым құрылысты болады да, әдетте 2-3 ярустан ғана (ағаш, бұта және мүк) тұрады. Орманның іші көлеңке болғандықтан,тұқыммен көбеюге жағдай жоқ,сондықтан өсімдіктердің басым көпшілігі негізінен вегативтік жолмен көбейеді.Бұталардың арасында грушанка,ит бүлдіргендердің түрлері өседі де, жақсы жетілген мүк жамылғысы жиі кездеседі. Өсімдіктердің түрлері,әсіресе, Еуразияда батыстан шығысқа қарай өсімдіктердің түрлері өте аз, яғни батыстан шығысқа қарай өсімдіктердің түрлік құрамы өзгеретінін байқауға болады.
Еуропадағы қылқан жапырақты ормандар Еуропа май қарағайынан, Еуропа қарағайынан (кәдімгі), Еуропа шыршасынан, Фин шыршасынан (Кола түбегі), сібір шыршасынан (Орал) тұрады да,олардың арасынан саумалдыұты, грушанканы,қара жемісті, қарақатты кездестіруге болады.
Солтүстікте қылқан жапырақтыларға поляр, сүйелді, түкті қайыңды,көк терек аралас өседі де, аңғаларында қара терек (осокорь), оңтүстікте қылқан жапырақтылар, қайың, көк терек, қандыағаш, жөке ағашы, емен, үйеңкі, албатыста тегіршін (аяз) және шетен ағаштары өседі.
Қылқан жапырақтылардың түрлері, мысалы, өсімдіктің жаңғағы жануарлар үшін, әсіресе, құстар үшін өте құнды емес, сондықтан құстардың самыркеш, шырша торғай, тоқылдақтар, меңіреу құр, жапалақ, сүтқоректілерден тиін, ұшар, шұбар тышқан, бұлғын, күзен, ақ тышқан, ақ қалақ, бұлан, түлкі, аю, т.б. орман жануарлары кездеседі (40-сурет).
Батыс Сібірде климаттың континенталдығы артады да, батпақтанып, өсетін өсімдіктердің түрі азаяды. Қылқан жапырақты ормандардағы ағаштардың басым көпшілігі Сібір балқарағайы мен Сібір қарағайынан (самырсын қарағай) тұрады да, бұдан кейін біраз мөлшерде май қарағай, кәдімгі қарағай, өте сирек шырша кездеседі. Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі өзен аңғарларында жөке ағашы, қайың, көк терек, бұталардан беті шетен, ырғай; жидектерден ит бүлдірген, қара жидек, саумалдық өседі.
Тундраға қарағанда тайганың жануарлары мекенін ауыстырмайды, қйткені тундраға қарағанда тайгада қатты суық жел болмайды, соның нәтижесінде қар жамылғысы бұзылмайтын, қылқан жапырақты ормандары жыл бойы мәңгі жасыл болып тұрады да, жануарларға қоректік зат әрқашан да табылады. Сүтқоректілерден тайгада: құну, қоңыр әр, бұлан, бұлғын, түлкі, ақ қоян, ақ қалақ, ақ тышқан; құстардан: ақ құр, шіл, меңіреу құр, шырша торғай, жапалақ, тоқылдақтар кездеседі.
Шығыс Сібір (Енисейдің шығысқа қарай) таулы жер бедерімен сипатталады және нағыз тайга осы жерден басталады. Өйткені орманды құрайтын ормандардың барлығы дерлік Сібірден шыққан. Орман ағасһштарының басым көпшілігі дәуір бал қарағайы. Сонымен қатар Сібір бал қарағайы және Сібір қарағайы кездеседі. Жапырақты ормандарды ит бүлдірген көп. Таулы жерлерінде тас жапырақты қарағай, Манчжурия самырсыны өседі. Оңтүстік шығысында жапырақты және қарағайлы ормандар қандыағаш пен даур родендрондарымен араласып шығады. Өзен жағаларында талдар, теректер, бұталар, қандыағаштар, жазанақ және көкжелектер кездеседі. Бұлар мұз дәуіріне дейінгі флораның қалдығы болуы мүмкін. Камчаткадағы қылқанижапырақты ормандар саян жәнедәуір шыршасына, май қарағайдан, темір қайыңнан тұрады. Энемикалық түрлерге: камчатка папоротнигін, хаккайдо қияғын, камчатка рододендронын жатқызуға болады. Камчатканың қазба флораларынан орман жаңғағы , грек жаңғағы, үйеңкі , қайың табылған. Бұл флораның кейбір өкілдері қазіргі кезде Жапония мен Солтүстік Америкада өседі.
Шығыс Сібірден: тарақ құйрық , сарышұнақ , суыр, кекілдіктер , бозторғайлар , т.б. жануарларды кездестіруге болады. Камчатканың фаунасының өз ерекшеліктерімен қатар құрамы да айтарлықтай емес. Әйткенмен тарақ құйрық, сарышұнақ суыр, қар арқары , солтүстік бұғысы. Қоңыр аю, бұғылан сияқты кәсіптік жануарлар тіршілік етеді. Ерекше көңіл аударатын Уссури немесе Қиыр шығыс тайгасы (Амур өзенінің алабы және Уссури өлкесі). Климаты нағыз муссондық : қысы аса қатты болмай, жазы жылылау болып келеді. Бұл өлкеде аралас ормандардың таза жалпақ жапырақты ормандарға ауысқан аралық формалары байқалады.
Уссури тайгасынан Жапония , Манчжурия және Кореяға тән өсімдіктердің күделі жамылғысн көруге болады.

  1. Таулы қыраты тайга(аралас). Мұнда корей самырсыны, корей шырщасы, май қарағай, шығыс тиссі, Манчжурия жаңғағы, Амур жөкесі, Манчжурия үйеңкісі, қайың, қызылқайың, шегіршін, шетен , алмұрт, сирень, жасмин жіне тікенді жабайы бұрыш кездеседі. Осылардың барлығын көптеген лиандар, амур жүзімі, актинциялар, лимондықтар орап жатады. Папоритниктер өте көп , керісінше мүктер өте аз болады.

  2. Аңғардағы ормандар (өзен бойларында). Мұнда қылқан жапырақты ағаштар болмайды, өйткені аңғарларды ұзақ уақыт су басып жатады. Орман ағаштарының басым көпшілігі :шегіршін , Манчжурия жаңғағы, Амур барқыты, алмұрт, жұпаргүл, алма Амур долансы, күміс жөкеден тұрады.

Уссури тайгасының үшінші типін төбелі су айрықтары алып жатыр. Ақ және қара қайың , орман жаңғағы аралас жапырақтаы емен ормандар басым. Ханка көлінің маңайында ерекше қара қарағайлар кездеседі.
Орманның іші қаракөлеңке болып тұруына байланысты қоректік заттар аз болады да, ол жануарлар дүниесіне әсерін тигізеді. Сондықтан мұнда үйір құрыптіршілік ететін жануарларемес, тек қана қырғи тәрізді қанаттары қысқа , құйрығы ұзын , орман ішінде ұшуға бейімделген жыртқыштар кездеседі, Сүт қоректілерден: жанат тәрізді ит, тиін, шұбар тышқан, қоңыр аю, сілеусін, бұлғын; тұяқтылардан : жабайы шошқа, құдыр, нағыз бұғы, шығысазиялық бұғы, бұдан ; кеміргіштерден: шықылдақтар; насекомқоректілерден: жертесер; құстардан: тоқылдақтар, жүрдек торғайлар ,ақ құр, шіл, жапалақтар тән.
Ханка көлінің айналасындағы батпақтарда, әсіресе , көктем мен күзде қытай тырнақұтаны, Уссури тырнасы мияқты ерекше құстарды көруге болады. Бұдан басқа жабайы шошқа , жолбарыс, қырғауыл өте көп.
Климаты қоңыржай жылы болады да, жауын-шашын мөлшері жылына 500 мм-ге жетеді. Әсіресе ,жаз айларында жауын-шашын жапырақты және ұсақ жапырақты ағаштардан тұратын ормандарда кездеседі. Жалпақ жпырақтардың ерекшеліктері(қылқан жапырақтылардан айырмашылықтары):
1. Ағаштар үш ярустан тұрады: яруста – емен, шамшат, қызылқайың (Еуропада), жөке ағашы, үйеңкі (Еуропаның шығыс бөлігінде); екінші яруста – алма және алмұрт, үшінші яруста – бұталар өседі;
2. Тамырсабақты, жуашықты, түйнекті өсімдіктер өте көп;
3. Астық тұқымдастарының жапырақ тақталары жалпақ болады;
4. Ерте көктемде гүлдейтін түрлер өте көп;
5. Мүк жабындылары кездеспейді, эфемерлер жақсы дамыған;
6. Ағаштар мен бұталар өрбіп өседі.
7. Орманда: құлмақ , ағаш шырмауығы (барқыт), улы шырмауық , жүзім сияқты лиандар өте көп. Жапырақтары қысқа қарай түседі де, осыған байланысты күзде және көктемде орманда екі түрлі құбылыс болады. Батыстан шығысқа қарай орманның тірлік құрамы өзгереді.
Канада облыс тармағы Солтүстік Америкада үлкен аймағы:Лабрадор түбегінің басым бөлігін , Алясканың біраз аумағын қамтиды. Өсімдіктердің басым көпшілігі –қылқан жапырақты орман. Өзен аңғарларын бойлай бұл ормандар оңтүстікке дейін жетеді. Ал батыста , әсіресе, тау тізбектері арқылы Орталық Америкаға және шығыста Мексика шығанағына дейін барады. Еуразиядағы қылқан жапырақты ормандардан өзгеше.
Солтүстік Американың қылқан жапырақты ормандарда өсетін ағаштарының құрамына қарай үш типке бөлінеді.
1. Гудзон тайпасы-мұнда цуга,ақшырша, америка бал қарағайы, тас немесе қара қарағай, канада шыршасы, терек, қағаз қайыны, бальзам терегі кездеседі.Шіліктері көптеген жемісті бұталараһдан:қарақат, қызыл,қара таңқурай,қара жидектерден тұрады;
2. Тынық мұхит жағалауының тайгасы-климат жұмсақ, ылғалды.Бұлар:цуга,ақ қарағай,ситхин шыршасы,дуглас май қарағайы,ірі туя, сары қарағай,секвойя-мамонт ағаштарынан тұрады.бұталар,папоротниктер, мүктер өте көп кездеседі;
3. Калифорния жағалауы- мұнда дуглас май қарағайы,ақ май қарағай,қантты қарағай,ладан самырсаны, секвойя-қызыл ағаш, төменгі яруста құлпынай ағашы кездеседі.Шығысында қылқан жапырақтылар аралас ормандыларға өтеді (Солтүстік Лаврентия аймағында), мұнда Веймут қарағайы, қызыл қарағай,Канада цугасы, сары қайыңдармен, сахалин үйенкісімен, Америка шетенімен, Америка шегіршінімен, шамшатпен, жөке ағашымен араласып өседі.Мұндай ормандардың жалпақ жапырақты ағаштармен араласып келуі Оңтүстік Америка флорасының Еуразияның жалпақ жапырақты ормандарымен байланысын көрсетеді.
Жануарлар дүниесі де Еуразия тайгасының жануарларына өте ұқсас: бұдан,вапити деп аталатын Американың ақ маралы, құндыз,тиін, сілеусін,сұр және қара аюлар, сусарлар сонымен қатар Солтүстік Америкада кеңінен таралған түрлерден: пума (Америка арыстаны),ондатр, жайра, құстардан-шіл, тоқылдақ, көкшіл жорғаторға торғай, колибри кездеседі.
Тайга атымен белгілі бореалды қылқанды ормандар Еуразиядан Солтүстіе Америкаға дейін созылып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет