Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақ тілі», «Орыс тілі»



Pdf көрінісі
бет105/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   244
«Қазақ тілі», «Орыс тілі»: 
− 
білім алушылардың сөздік қорын зайырлылық және дін саласына 
қатысты терминдермен толықтыру; 
− 
ұлттық мәдениетке және басқа халықтардың рухани - мәдени қайнар 
көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу. 
«Әдебиет»: 

дін қайраткерлерінің шығармаларын - қосымша көркем әдебиеттерді 
зерделеу, олардың жұмыстарын қазіргі рухани құндылықтар мен зайырлылық 
тұрғысынан бағалауды іске асыру;
«Тарих»: 

зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін 
тарихи негіздеу; 

қоғамдық қатынастарға тарихи талдау жасау арқылы адам мен қоғам 
өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну; 
«География»: 

діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау. 
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу нәтижесінде білім 
алушылар:

ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен 
құбылыстарды; 

зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; 

мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-
қатынасының мәнін; 

діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін; 

қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын; 

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңын; 


175 

Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Ясауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай 
Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын; 

республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер 
арасындағы қарым-қатынастың жайын; 

Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
конфессияаралық келісімін, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты 
сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни 
сенімдеріне деген сыйластықты көрсету саясатын; 

экстремистік, 
террористік, 
теріс 
сипаттағы 
ұйымдардың 
ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі. 
Сонымен бірге білім алушылар : 

зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана 
ұғымдарының ара жігін ажырату, 

экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар 
идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру; 

діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, 
пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар
тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу; 

өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық 
деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі. 
Оқыту барысында мұғалім білім алушының бойында экстремистік, 
террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы 
имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс. 
« 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет