Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет28/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244
Назар аударыңыз!
Әрбір педагог мұғалім мәртебесіне сәйкес болуы және педагогикалық 
әдеп қағидаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан 
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының, 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелеріне, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік 
қағидалары мен нормаларына сәйкес сақтауы тиіс. 
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің 
жалпы қағидалары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті. 
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері: 
• 
адалдық 
• 
әділдік 
• 
жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу 
• 
жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу 
• 
кәсіби ынтымақтастық 
• 
кәсіби дамудың үздіксіздігі. 
Ең алдымен педагог қызметкерлер өз қызметінде Қазақстан 
Республикасының педагог қызметкері жоғары атағының беделін түсіретін іс-
әрекеттерді жасауға жол бермеуі тиіс, өзінің қызметтік міндеттерін адал және 
сапалы орындай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 
шаралар қолдануы тиіс, өзінің жеке мінез-құлқымен әділдік, адалдық және 


38 
әділеттілік үлгілерін көрсетуі тиіс. 
Педагог өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік 
стилін ұстауы маңызды. 
Білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарынан тыс, интернет-
кеңістікте педагогтің мінез-құлық мәдениеті мұғалімнің жоғары атағына 
сәйкес болуы тиіс. Педагог педагогтің беделіне нұқсан келтіретін
педагогиканың принциптері мен талаптарына қайшы келетін мінез-
құлыққа, оның ішінде интернет-кеңістіктегі мәліметтердің таралуына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет