Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


әр оқушының оқу жетістіктерін қадағалау бойынша міндеттерді шешуі



Pdf көрінісі
бет37/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244
әр оқушының оқу жетістіктерін қадағалау бойынша міндеттерді шешуі 
керек. 
Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, психологиялық-
педагогикалық қолдауға назар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-
қан тамырлар жүйесі, көз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар 
жүргізуге (динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына 
байланысты жаттығулар, қол және көзге арналған гимнастикалық жаттығулар 
және т. б.) көп көңіл бөлу керек. 
 
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Обучение 
грамоте», «Қазақ тілі» (Т1), «Русский язык» (Я1), «Әдебиеттік оқу», 
«Литературное чтение», оқыту орыс тілінде емес сыныптарда «Орыс тілі» (Я2), 
оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда «Қазақ тілі» (Т2), «Ағылшын тілі» оқу 
пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге 
асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды 
оқыту барысында қалыптастыру қажет. Коммуникативтік тәсіл білім 
алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын көздейді, яғни мәтіндерді 
түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз 
мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін 
арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған. 
«
Сауат ашу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – тілдік және әдебиеттік білімге 
дайындықтың алдын-ала кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып 
табылады. 


50 
Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым, 
оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол алған білім, білік, 
дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді. 
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағаттан, 
оқу жылына 198 сағатты құрайды. 
Сауат ашу үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, 
әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат 
санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне 
және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі 
реттей алады. 
Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші 
жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25-
30 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, 
қос сөздер жеке сөз ретінде саналады. 
Бірінші сыныпта буынға бөліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама 
талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы 
мәнін түсінуі, жекелеген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінуі. 
1-
сынып білім алушылары: 
1) 2-6 
сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу; 
2) 4-
8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас 
оқу; 
3) 
сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу; 
4) 
есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу; 
5) 
жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу; 
6) 
баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу; 
7) 
күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу 
(8-
10 сөз); 
8) 
сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау 
арқылы жазу; 
9) 
белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) 
жұмыстарын орындай алуы керек. 
Білім алушылардың үлгерімін тоқсан аяқталғаннан кейін және 
бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша оқу материалының мазмұнын меңгеру 
деңгейін анықтау үшін ағымдық бақылау жиынтық бағалау түрінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет