11
және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15
мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген.
10-
сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес
оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі
анықталды.
Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік»
деген термин қолданылмайды, себебі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт (бұдан әрі – ҚГБ)
және жаратылыстану-
математика бағыты (бұдан әрі – ЖМБ) – бейіндер емес,
бағыттар болып
табылады.
Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы
бейінді білім алушылардың өздері анықтайды,
10-
сыныпта Үлгілік оқу жоспарында
міндетті пәндер саны қысқарды,
білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің
дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.
Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2
міндетті пәнді таңдау енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.
Осылайша, 10-сынып оқушылары болашақ
мамандығына назар аудара
отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.
10-
сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес
негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді.
«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: