Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет7/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   244
Назар аударыңыздар!
 
2019-2020 
оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-
сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2019 - 2020 оқу жылының басталуын
ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 
бұйрығымен 2019-2020 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді: 
2019-
2020 оқу жылының басталуы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі. Оқу 
жылының аяқталуы - 2020 жылдың 25 мамыры
1-11(12)-
сыныптарда:
күзгі каникул –7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса 
алғанда),
қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды 
қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
1-
сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды 
қоса алғанда). 


12 
Назар аударыңыздар! Мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса 
алғанда), 
қысқы – 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды 
қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 
қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда). 
Сабақтарды өткізу мерзімі мереке күндерімен, ауа райының 
қолайсыздығына және карантин енгізілуіне байланысты актіленген күндермен 
сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша 
жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, 
кіріктіруді ескере отырып көрсетілген күндерге дейін немесе кейін аздаған 
сағат санымен оқыту қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді. 
Журналдарда біріккен сабақтар тақырыбы бір жолда көрсетіледі. Бұл 
жағдайлар мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары берілген деп 
есептеледі. 
Бұл ретте оңай мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын 
жоспарламаған жөн. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл 
өзгерістерді электрондық журналдар жүйесінде техникалық қолдау арқылы 
көрсетіледі. 
Сыртқы және ішкі бақылауды жүргізу кезінде осы бұйрық негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет