Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет87/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   244
«Жаратылыстану» оқу пәні 
«Жаратылыстану» 
оқу 
пәні 
бастауыш 
мектепте 
оқытылған 
«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 
5-
6 сыныптың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру
олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы 
жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым 
дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен 
қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай 
және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
5-6-
сыныптарда «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім 
алушылардың бойында жаратылыстану ғылымы білімін, табиғат пен қоғамның 
өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы түсінігін 
қалыптастыру және күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстарының 
зардабы мен процесін сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамыту болып 
табылады. Пәннің мазмұнын меңгерудегі жүйелік-әрекеттік тәсіл зерттеу 
дағдыларын (іздеуді, іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты талдауды және бағалауды, 
зерттеу нәтижелерін ұсынуды қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді. 
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. 
Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы процестер», 
«Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгертетін 
жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, 
табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта 
болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, 
табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, 
адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің 
маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндейетіп құрылған. 
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді 
жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді 
зерттеушілік, 
ойлау, 
сөйлеу 
және 
коммуникативтік 
дағдыларын 


144 
қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды 
зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, 
эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және 
бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім 
алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды 
түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану 
біліктерін дамытады. 
«Жаратылыстану» сабақтарында жергілікті компонент деректерін 
тартуғаерекше назар аудару қажет. 
Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті 
өмірде практикалық маңызы бар төмендегідей оқыту мақсаттарына назар 
аудару ұсынылады: 
5.6.3.1 - 
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын атау; 
5.6.3.2 - 
өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу; 
5.6.3.3 - 
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын 
анықтау; 
5.7.1.1 - 
әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру; 
5.7.1.2 –
ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну
6.3.3.3 - 
Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану 
салаларын анықтау; 
6.3.3.4 - 
Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын 
атау және көрсету; 
6.3.3.5 - 
пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған 
ортаға әсерін түсіндіру; 
6.4.2.4 - 
толыққанды тамақтану рационын құру; 
6.4.2.5 - 
азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын 
тестілеу; 
6.5.1.4 - 
электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 -
энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну; 
6.6.3.1 - 
өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін 
талдау; 
6.6.3.2 - 
экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну 
6.7.1.1 - 
әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау; 
6.7.1.2 

жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық 
ғалымдардың үлесін талқылау; 
6.7.1.3 - 
ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына
болжам жасау. 
«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге 
құмарлықты, ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи 
және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.
Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен 
құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және 
зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен 
байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 


145 
5-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет