Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта



Pdf көрінісі
бет6/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244
мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта 
таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген 
деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.
10-11-
сыныптардың үлгілік оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен 


11 
және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 
мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген. 
10-
сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес 
оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі 
анықталды. 
Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік» деген термин қолданылмайды, себебі 
қоғамдық-гуманитарлық бағыт (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану-
математика бағыты (бұдан әрі – ЖМБ) – бейіндер емес, бағыттар болып 
табылады.
Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы 
бейінді білім алушылардың өздері анықтайды, 
10-
сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды
білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің 
дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді. 
Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 
міндетті пәнді таңдау енгізілді. 
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 
сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі. 
Осылайша, 10-сынып оқушылары болашақ мамандығына назар аудара 
отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.
10-
сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес 
негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери 
және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді. 
«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет