Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен



бет12/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.22 Mb.
#169757
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

                бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен
                бұрын бұзу

      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкінің меншік иесін не ол уәкілеттік берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органын бұл жөнінде жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы
                мүшелерінің және мүліктің меншік иесі немесе ол
                уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды
                тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын
                (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеу
                ерекшеліктері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы тарауда белгіленген атқарушы орган басшысының еңбегін реттеу ерекшеліктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
      Мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      Ескерту. 254-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің,
Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының,
әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау
органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның
ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері

      Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      255-бап. Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және
                мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан
                Республикасы судьяларының еңбегін реттеу

      Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі. 

      256-бап. Әскери қызметтегі адамдар және құқық қорғау
                органдарының қызметкерлері

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінде (Республикалық ұланда), Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде және әскери-тергеу органдарында, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.
      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде, экономикалық тергеу қызметінде, мемлекеттік өртке қарсы қызметінде, прокуратура органдарында қызметте тұрған адамдар жатады.
      3. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.
      Ескерту. 256-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 279-IV, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы


                мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен
                мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
                қызметкерлерінің еңбегін реттеу

      Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодексте реттеледі.


      Ескерту. 257-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және


                оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін
                реттеу

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодекспен реттеледі.


      Ескерту. 28-тарау 257-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-1-тарау. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының


құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн
реттеу ерекшелiктерi

      Ескерту. Кодекс 28-1-тараумен толықтырылды - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      257-2-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының
                 құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн
                 реттеу

      Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегі «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодекспен реттеледi.



4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ
ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР

29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

      258-бап. Әлеуметтік әріптестіктің міндеттері

      Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік:
      1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
      2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;
      4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;
      5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
      6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған.

      259-бап. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері

      Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері мыналар:
      1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;
      2) тараптардың тең құқықтылығы;
      3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;
      4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
      5) тараптар мүдделерін құрметтеу;
      6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;
      7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы;
      8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі;
      9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы.

      260-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары

      Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары:
      1) республикалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия);
      2) салалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі - салалық комиссия);
      3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі - өңірлік комиссия) арқылы тараптардың өзара іс-қимыл жасасуы нысанында;
      4) ұйымдар деңгейінде - қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін келісімдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қамтамасыз етеді.

      261-бап. Әлеуметтік әріптестік нысандары

      Әлеуметтік әріптестік:
      ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер;
      еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара консультациялар (келіссөздер);
      қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.

      262-бап. Әлеуметтік әріптестік тараптары

      Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады.

      263-бап. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Республикалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.


      1-1. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
      3. Кәсіптік одақтардың республикалық бiрлестiктері қызметкерлердiң республикалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағының (қауымдастығының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктерінің өкілдері жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.
      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін республикалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорциялық негізде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 263-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      264-бап. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.


      1-1. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына жүктеледі.
      2. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Салалық кәсіптік одақтар қызметкерлердiң салалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
      Ескерту. 264-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      265-бап. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Өңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.


      1-1. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Кәсіптік одақтардың аумақтық бiрлестiктері қызметкерлердiң өңірлік деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Мыналар:
      1) облыстық деңгейде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
      2) қалалық, аудандық деңгейлерде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
      Ескерту. 265-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      266-бап. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұйым деңгейінде


                реттеу

      1. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін тараптар шешімі бойынша тең құқықтылық негізде тараптардың қажетті өкілеттіктер берілген өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылады.


      2. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс істейтін кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасайды.
      3. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде, жұмыс беруші кәсіптік одақтың есеп-шотына қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын мүшелік кәсіподақ жарналарын ай сайын аударады.
      Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      267-бап. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық,


                өңірлік комиссияларды құрудың принциптері мен
                тәртібі

      1. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай принциптер:


      1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі;
      2) тараптардың өкілеттілігі;
      3) тепе-тең өкілдік ету;
      4) тараптардың тең құқықтылығы;
      5) тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады.
      2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы дербес құрады.

      268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың


                негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары

      1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.


      2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
      1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу;
      2) келісімдерді әзірлеу және жасасу;
      3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және бекіту;
      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
      3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді. Комиссиялардың отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
      4. Республикалық комиссияның функциялары:
      1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау және олар бойынша ұсынымдар шығару;
      2) атқарушы билік органдарына әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
      3) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту;
      4) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
      5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды келісу;
      6) бас келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
      7) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдер әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар тобын қалыптастыру;
      8) республикалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
      5. Салалық комиссияның функциялары:
      1) тиісті саланың әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, республикалық комиссия шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
      2) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
      3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
      4) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды келісу;
      5) салалық келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
      6) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің, оның ішінде:
      саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны);
      разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
      салалық арттырушы коэффициенттерді;
      ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеудің негізгі қағидаттарын әзірлеу;
      7) салалық біліктілік шеңберін бекіту;
      8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
      9) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
      10) келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін байқаушылар тобын қалыптастыру;
      11) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын қалыптастыру;
      12) салалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
      6. Өңірлік комиссияның функциялары:
      1) әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, салалық келісімдерді және республикалық және салалық комиссиялардың шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
      2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
      3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
      4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу;
      5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды қолдану;
      6) өңірлік келісімді жасасу және оның орындалуын мониторингтеу;
      7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
      8) өңірлік комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 268-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      269-бап. Республикалық, салалық және өңірлік


                комиссиялардың негізгі құқықтары

      Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар:


      1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында келісілген саясат жүргізу проблемаларын қарауға;
      2) келісім жобасын әзірлеу, көрсетілген келісімді іске асыру, комиссия шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің мүдделерін келісуге;
      3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден және (немесе) қызметкерлер өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жасалатын және жасалған келісімдер туралы ақпарат сұратуға;
      4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар оларды орындамаған жағдайда әлеуметтік әріптестіктің тиісті тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және келісімнің талаптарын орындамағаны үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстары бар ақпарат жіберуге;
      5) атқарушы органдардан ұжымдық келіссөздер жүргізу және келісімнің жобасын әзірлеу, аталған келісімнің орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті әлеуметтік жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
      6) уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;
      8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыруға;
      9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері комиссия белгіленген мерзімде қарауға және орындауға міндетті бірлескен келісімдер мен шешімдер қабылдауға;
      10) әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша халықаралық, республикалық, өңіраралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге аталған іс-шараларды ұйымдастырушылармен келісілген тәртіппен қатысуға құқылы.

      270-бап. Қызметкерлер өкілдерінің өкілеттіктері

      1. Қызметкерлер өкілдерінің:
      1) қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға;
      2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер жүргізуге, осы мақсаттарда еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға;
      3) келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге қатысуға;
      4) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
      5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік инспекторларымен өзара іс-қимыл жасасуға;
      6) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу мен қолдану үшін жұмыс орындарында болуға;
      7) еңбек қатынастарына және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты заңнамалық актілердің, бағдарламалардың жобаларын әзірлеу мен қарау жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға;
      8) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысуға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жиналыстар, шерулер, митингілер, пикеттер, ереуілдер өткізуге құқығы бар.
      2. Жұмыс берушілердің қызметкерлер өкілдеріне өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі жасауына жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет