Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


бұзу мүмкіндіктерін шектеу



бет5/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.22 Mb.
#169757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

              бұзу мүмкіндіктерін шектеу

      Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 17) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.


      Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      56-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын


              бұзу тәртібі

      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.


      2. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртіппен, осы ұйымның кәсіптік одағы органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі.
      2-1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімі болмаса, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша 55 жастан бастап және зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі жастағы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
      Комиссияны құру тәртібі ұжымдық шартта, ал ол болмаған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерінің келісуі бойынша шығарылған актісінде айқындалады.
      3. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшін қызметкердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қорытындымен расталған болуға тиіс.
      4. Еңбек шартын осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзу осы Кодекстің 73-бабында көзделген тәртіптік жазалар қолдану тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.

      5. Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.


      6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендіктен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға тиіс.
      Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, ал ол жоқ болған жағдайда қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша шығарылған жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
      7. Қызметкердің жұмыста осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
      Қызметкерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші уәкілеттік берген лауазымды тұлға қабылдайды.
      Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
      8. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.
      Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      57-бап. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу

      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.

      2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

      3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.

      4. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жазбаша хабарланған күннен бастап жеті күн мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.

      5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу туралы өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.

      6. Осы бапта көрсетілген ескерту мерзімі өткен соң қызметкер жұмысты тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты құжаттар мен оған тиесілі ақшалай төлемдерді беруге міндетті.

      7. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі көзделеді.
      Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      58-бап. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша


              еңбек шартын тоқтату негіздері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:

      1) алып тасталды - ҚР 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;

      2-1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайтарып алған кезде;

      3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған жағдайда;

      4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;

      5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда тоқтатылуға тиіс.

      2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс болған күні осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.


      Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас


              тартқан кезде еңбек шартын тоқтату негіздері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен еңбек шарты:

      1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан;

      2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан;

      3) жұмыс беруші - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан;

      4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде қызметкер уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.

      2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.

      3. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы (оның ішінде жүктілігі және босануы бойынша) және демалысы кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.
      Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      60-бап. Қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға)


              ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына
              байланысты еңбек шартын бұзу

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды  атқаратын адамдарға ақы төленетін өзге лауазымдарда істеуге тыйым салу белгіленген болса, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады.


      Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа (лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады.

      61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы


              салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса:

      1) медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған;

      2) адамды белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған;

      3) белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған;

      3-1) осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында аталған адаммен еңбек шарты жасалған;

      3-2) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында аталған адаммен еңбек шарты жасалған;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиіс.

      2. Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бар басқа, орындау үшін қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, осы баптың 1-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келісім берген кезде, еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі.

      3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда тоқтатылған кезде, жұмыс беруші қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
      Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу

      1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
      2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиіс.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.
      4. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.

      63-бап. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне


              байланысты құжаттарды беру

      1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті.


      Еңбек шарты тоқтатылған күні еңбек кітапшасын қызметкердің болмауына не оны алудан бас тартуына байланысты беру мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші он жұмыс күні ішінде қызметкерге еңбек кітапшасын алуға келуінің қажеттілігі туралы немесе оны поштамен жіберуге оның келісім беруі туралы хабарлама жіберуге міндетті.
      2. Жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын (біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті.
      3. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші - жеке тұлға қызметін тоқтатқан кезде жұмыс беруші, қызметкердің алдында берешегі болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған берешектің мөлшері туралы тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті.
      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      64-бап. Қызметкердің жеке деректері, оларды өңдеу

      Ескерту. 64-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      65-бап. Жұмыс берушінің қызметкердің дербес деректерін
               жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі міндеттері

      Жұмыс беруші:


      1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтамасыз етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметкердің жұмысқа орналасуына, оқуына және қызметте жоғарылауына жәрдемдесу, қызметкердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
      3) қызметкердің өңделетін дербес деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Кодексті және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алуға;
      4) қызметкердің өзі не қызметкерге алдын ала хабарлаған және оның келiсiмiн алған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар ұсынған дербес деректерді өңдеуге;
      5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің талап етуі бойынша қызметкердің дербес деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      6) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызметкердің дербес деректерін сақтау тәртібін қамтамасыз етуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін белгілейтін жұмыс берушінің актісімен таныстыруды қамтамасыз етуге;
      8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламауға;
      9) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің нақты функцияларды орындау үшін қажет дербес деректерін ғана алу құқығы болуға және олар құпиялылық режімін сақтауға тиіс;
      10) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның шегінде таратуды жүзеге асыруға;
      11) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге рұқсат берілген адамдарды осы деректерді тек бұрын мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті екендігі және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес екендігі туралы ескертуге міндетті.
      Жұмыс берушінің:
      1) қызметкерден оның саяси, дiни және өзге де сенiмдерi мен жеке өмiрi туралы ақпаратты талап етуге;
      2) қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның iшiнде кәсiптiк одақтарға мүшелiгi немесе олардағы қызметi туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ.
      Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      66-бап. Қызметкердің жеке деректерін сақтау

      Ескерту. 66-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      67-бап. Қызметкердің жеке деректерін беру

      Ескерту. 67-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      68-бап. Жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің


               қорғалуын қамтамасыз ету мақсатындағы
               қызметкердің құқықтары

      Жұмыс берушiде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкердiң:


      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң дербес деректерiн қамтитын жазбалардың көшiрмелерiн алу құқығын қоса алғанда, өзiнiң дербес деректерiне өтеусіз қол жеткізуге;
      2) осы Кодекстiң және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын бұза отырып, жинау және өңдеу жүзеге асырылған дербес деректерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларды бұғаттауды, жоюды талап етуге;
      3) бұрын қызметкердiң дербес деректерi хабарланған адамдарға осы деректерге жасалған өзгерістер мен толықтырулар туралы жұмыс берушiнiң хабарлауын талап етуге;
      4) өзінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау кезінде жұмыс берушiнiң жол берген іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасауға құқығы бар.
      Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ

      69-бап. Еңбек тәртіптемесінің ережелері

      1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді.
      2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
      3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі.
      4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

      70-бап. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету

      Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сондай-ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді.

      71-бап. Еңбегі үшін көтермелеу

      1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы.
      2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады.

      72-бап. Тәртіптік жазалар

      1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
      1) ескерту;
      2) сөгіс;
      3) қатаң сөгіс;
      4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
      2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де  заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

      73-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану және оған


              шағым жасау тәртібі

      1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.

      2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.

      3. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс.

      4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.

      5. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:

      1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;

      2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған;

      3) қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;

      4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.

      6. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

      7. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.


      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      74-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу мерзімі

      1. Осы Кодекстің 73-бабы 5-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза қызметкерге тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
      304-бапта көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
      2. Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты кірмейді.
      3. Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      75-бап. Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі

      1. Осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
      2. Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет