3.Тараптардың міндеттері
-
«Өнім беруші» келесідей міндеттерді өзіне алады:
-
«Тапсырыс берушімен» ұсынылатын ақпарат бойынша өткізілетін сауда, тендерлердің өткізу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау үшін ресми баспа басылымдарда қажетті газет ауданын ұсынады;
-
Заңды және жеке тұлғаларды өзінің мерзімді баспа басылымда ақпаратты жариялау арқылы таныстыру;
-
Тілін, стилін, техникалық ерекшіліктерін түзету және жарнама, ақпарат беру үшін материалдарды редакциялауды жүзеге асыру;
-
Егер «Өнім берушінің» кінәсі тарапынан қателер болған жағдайда, жақын газет нөмерінде ақысыз түзетуді жариялауға;
-
Қазақ және орыс тілдерінде Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттыққа шығару мәселелер бойынша ақпарттық хабарламалардың әрбір жарияланғаннан кейін «Тапсырыс берушіге» газеттің 1 (бір) данасын ұсынуға;
-
Баспа басылымның меншік иесі және бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы күәліктің иегері болуға.
-
«Тапсырыс беруші» келесідей міндеттемелерді алады:
-
ақпаратты тек «Өнім берушіде» басылымға беруді;;
-
Қазақ және орыс тілдерінде Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттыққа шығару мәселелер бойынша ақпараттық хабарламаларды жариялау үшін ақпарат беруге: басылым шығаруға дейін 2 (екі) жұмыс күн бұрын «Өнім берушіге» электронды пошта немесе факс байланыс арқылы хабарлама мәтінің қазақ және орыс тілдерінде ұсынуды және кейіннен өтінімді жазбаша түрде жолдауға;
-
«Өнім берушінің» қызметін осы шарттың 2.4 тармағымен белгіленген көлем мен мерзімде төлеуге.
4.Тараптардың жауапкершілгі
4.1 Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздеуі тиiс.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
4.3. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
4.4. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.
4.5 Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.
4.6. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.
4.7. Өнім берушіге көрсетілген қызмет үшін ақы төлеу осы Шарттың 2-тармағында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
4.8. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
4.9. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.
4.10. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
4.11. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
4.12. Тауарларды берудi және Қызметтердi көрсетудi Өнiм берушi кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиiс.
4.13. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.
4.14. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
4.15. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:
а) егер Өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.
4.16. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
4.17. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
4.18. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
4.19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
4.20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
4.21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
4.22. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.
4.23. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
4.24. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
4.25. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
4.26. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
4.27. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиiс.
4.28. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.
4.29. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
4.30. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
4.31. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
4.32. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
4.33. Өнім беруші жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
5.Шарттың қолданылумерзімі
-
Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы осы шарттың 1-тармағы, 1.5-тармақшасында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
-
Шарттың қолданылу мерзімі 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
-
Осы шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде рәсімделеді және екі жақты қол қойлығанннан кейін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында тіркеуден өткеннен кейіннен күшіне енеді.
6. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
«Тапсырысшы»:
«Орал қаласы қаржы бөлімі» ММ
Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көш., 45,
СТН 271 800 029 566
Мемл/мекеме коды 4522001
БИК KKMFKZ2A
ИИК KZ87070103KSN2718000
БИН 000240000185
КБе 12
ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті
Бөлім бастығы Б.Ниетқалиева
|
|
2012 жылғы «____» ___________№________
Мемлекеттік сатып алу шартына № 1 Қосымша
САТЫП АЛЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
№ п/п
|
Қызмет атауы
|
сипаттамасы
|
Өлшем бірлігі
|
саны
|
1 шаршы сантиметр бағасы, теңге
|
сомасы, теңге
|
1
|
Хабарламаны жариялау
|
Орал қаласының коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау ( Бір жариялаудың 1 (бір) басылымы 2 мәтінді қамту – қазақ және орыс тілдерінде, әрқайсысы шеңбердегі өлшемі 14см х 18см. Баспа әдісі – офсеттік.Қызмет құнына мәтінді теру, корректорлық түзету, типография қызметі және қағаз құны бойынша шығындар қосылған
|
шаршы.см
|
1600
|
____
|
______
|
Қорытынды, соның ішінде. ҚҚС:
|
|
БАРЛЫҒЫ: ________ (__________) теңге.
Басшы ________________
М.О.
2012 жылғы «____» ___________№________
Мемлекеттік сатып алу шартына № 2 Қосымша
Қызметтің жергілікті қамту бойынша ақпарат
Қызметтегі жергілікті қамтуды есептеу формуласы
Шартты орындау үшін сатып алынатын тауарлардың саны
|
Сатып алынатын тауарлардың реттік нөмірі
|
Реттік нөміріне сатып алынатын тауарлардың құны
|
Тауарда бар болуы СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі
|
Қызметтерді көрсету мақсатында құрылған шарттардың жалпы саны, Тапсырысшы мен Жеткізуші арасында, Жеткізуші мен Қоса орындаушылар арасында жасалған шарттарды қосқанда
|
Шарттың реттік нөмірі
|
Реттік нөмірге сәйкес шарттардың әрбір құны
|
Тапсырысшы мен Жеткізуші арасында жасалған шарт орындалу шеңберіндегітауарлардыңжиынтың құны
|
Жеткізуші мен Қоса орындаушылар арасында жасалған шарт орындалу шеңберіндегі тауарлардыңжиынтың құны
|
Тапсырысшы мен Жеткізуші арасында жасалған шартты орындайтын жеткізуші мен қоса орындаушылардың жергілікті кадрларғаЕТҚ үлесі %
|
Қызметтерді сатып алу шартының жалпы құны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жергілікті қамту Барлығы, %
|
|
Басшы ________________
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |