ДИБАЗОЛ – тамыр кеңейткіш және спазмалитикалық әсері бар. Дибазолды гипертониялық криз кезінде көк тамырға және бұлшықетке еңгізеді, ал гипертониялық аурудын церебралді көріністерінде – ішке қабылдайды. Дибазолмен резерпин немесе гипотизиодті бір мезгілде қолдануға болады. Науқастар дибазолды әдетте жақсы көтереді. Жасы ұлғайған кісілірге еңгізген жөн өйткені жүрек гликозидтерін қолданып жүрген болса жүректің кан айналауы жедел нашарлауы мүмкін.
МАГНИЙ СУЛЬФАТЫ – ОЖЖ жалпы тыныштандырғыш әсер етіп, соңымен қатар, Са++-н жасушаға енуін тежеуі және саркоплазмалық ретикулумнан шығуын төмендету арқылы артериалық қысымды түсіреді. Магний сульфаттын гипертониялық кризді жою үшін көк тамырға жайлап немесе бұлшықетке еңгізеді, өйткені тез еңгізілсе тыныс алу тежелуі мүмкін. Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер РЕНИН – бүйректе синтезилетін фермент, каң ағысына түскеннен соң каң сарысуындағы ангиотензинге әсер етіп белсенді емес ангиотензин-1 ге айналады. Ангиотензин-1 арнайы ангиотензин – конвертирлеуші ферменттің әсерінен ангиотензин-2 ге айналады. Соңымен қатар ангиотензин-2 альдостеронның бөлінуін күшейтеді, нәтижесінде натрий мен су ағзада жиналып каң айналымдағы канның көлемі көбейеді. Бұл топтың препараттырына КАПТОПРИЛ және ЛИЗИНОПРИЛ жатады. Препараттың екеуінде аз дозадан бастап кейін көбейтіп ішке қабылдайды. Оларды монотерапия үшін ішінде диуретиктермен бірге қолданады. Калийсақтаушы диуретиктерді /спиронолактон/ каптоприл аясында қолданбаған жөн, өйткені гиперкалиемияны тудыруы мүмкін. Бұл препараттар өкпе, бүйрек кан айналасын жақсаратып, зәрден бөлінуін күшейтуге кабілетті, соңдықтан каптоприл мен лизиноприлді жүрек жектіліксіздігінде және гломерулонефритте қолданады.
САРАЛАЗИН – тамырлардын, бүйре үсті безінен және нерв тіндерінің жазық мускулатурасыңдағы ангиотензинді рецепторларды бәсекелес тежейді. Саразалазиннің әсері науқастың ренин мен ангиотензин-2-нің бастапқы денгейіне байланысты. Артериалық қысымды тек ангиотензиннің шамадан тыс белсенділігіне байланысты артериалық қысымды гипертензияда төмендетеді. Саралазинді ренин-ангиотензин жүйесінің жоғарылғаннын аңыктау үшін диагностикада қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |