І. Адренергиялық иннервациянын жүрек-тамыр жүйесіне стимулдеу әсерін төмендететін дәрі-дәрмектер.
Симапатикалық нерв жүйесіне орталық кұрлымдарына әсер ететін препараттар: клофелин, метилдофа.
Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, пентамин, камфоний, гигроний.
Симпатолитиктер: резерпин, раунатин, октадин.
Альфа-адреноблокаторлар: пироксан, празозин.
Бета- адреноблокаторлар: анаприлин, окспренолол, пиндолол, алпренолол.
Альфа- және бета – адреноблокаторлар: лабетолол
П. Вазодилататорлар:
Кальций өзекшелерін тежегіштер: нифедепин, верапамил.
Артериолалық вазодилататорлар: апрессин, моноксидил,
Артериолалық және венозды вазодилататорлар: натрий ниропруссиді.
Миотропты: дибазол, магний сульфаты.
Ш. Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер.
Ангиотензин конвертирлеуші ферменттің ингибиторлары: каптоприл, мизиноприл.
Ангиотензин-2-нің антагонистері: саралазин.
IV. Су-тұз алмасуына әсер ететін дәрі-дәрмектер /диуретиктер/: гипотиазид, клопамид, спиронолактон/верошпирон/.
Адренергиялық иннервацияның жүрек-тамыр жүйесіне стимулдеу әсерін төмендететін дәрі-дәрмектер
Симпатикалық нерв жүйесіне орталықты кұрлымдарына әсер ететін препараттар.
КЛОФЕЛИН (клонидин), МЕТИЛДОФА (допегит). Орталықты альфа-2-адреномиметиктер болып табылады. Олардың антигипертензивті әсері сопақша мидын және көкшіл дактын ретикулярлы ядросының (пресинаптикалық) альфа-2рецепторлардың стимулденуімен байланысты. Ол белсенді вазопрессорлық нейрондардын тежелуіне әкеледі. Нәтижесінде шеткері тамарлырын тонусы, бүйректе ренинің түзілуі және каң сарысуына түсүі азаяды, жүректін жиыралуы сирейді. Бұл топтып препараттары адренергиялық аксондардың үштырындағы шеткері пресинаптикалық альфа-2рецепторларды стимулдейді, бұның нәтижесінде норадреналиннің бөлінуі және кан сарысуындағы концентрациясы төмендейді.
Клофелин мен метилдофа гипертониялық ауру бар ңауқастардың артериялық қысымын төмендетеді: әдетте бұл препараттарды ұзақ қолданады, бірак кейде клофелинді гипертониялық кризді токатау үшін қолданады. Осы мақсатта оны натрий хлоридиннің изотониялық ерітіндісіне араластырып алып сосын 3-5 мин. ішінде көк тамырға жайлатып еңгізеді. Көк тамырға еңгізгенне кейін ортостатикалық гипотензияны алдын алу үшін ңауқас 1-2 сағат жату керек. Гипертониялық криз кезінде клофелинді бұлшыкетке немесе тіл астына таблеткасын коюға болады. Ганглиоблокаторлар /бензогексоний, гигроний/ симпатикалық ганглийлерді тежеу арқылы артериялық қысымды төмендетеді. Бұл кезде артериолармен венулалардың тонусы төмендейді, тамырлардың жалпы шеткері карсыласуы азаяды, өкпе артериясы мен оң жак қарыншада қысымның төмендеуі байкалады.
Ганглиоблокторлардың жағымсыз әсерлері парасимпатикалық ганглийлерді тежеу кабілетіне байланысты. Науқастарда аккомодацияның бұзалуы, көз қысымының жоғарылауы, ауыз куысының құрғауы, іш қату, ішек және қуықтын атониясы байкалады.
Симпатолитиктер – адренергиялық талшыктар ұштарының денгейіне козудың өтүін нашарлатады, пресинаптикалық әсер ететін заттар. Оларға резерпин, раунатин және октадин жатады.
РЕЗЕРПИН /раседил/ - бүйрек үсті бездеріне, орталық және шеткері нерв үштарында катехоламиндердің азаюының нәтижесінде артериялық қысымды төмендетеді. Бұл препарат гранулардағы катехоламиндердің байланысы бұзып цитоплазмаға шығуына ықпал өтеді.
Резерпинді гипертониялық ауруды үзақ емдеу үшін қолданады. Макисмалді терапевтикалық әсер бірнеше аптадан кейін басталады. Резерпинді тиреотоксикозбен ауратын науастарға да береді, өйткені ол тахикардияны, терлеуді азайтады. Резерпиннің жағымсыз әсерлер ОЖЖ тәжеуіне байланысты, науқастарда ұйықшылдық, депрессия байкалады. Резерпин беруді токтатқаннан кейін депрессия өте баяу өтеді және оны антидепрессанттармен емдеу өте қиын. Резерпин гистаминнін бөлінуің де жоғарылатады. Шырышты кабаттың тамырларын кенейтеді және ісінуінен мүрын кұысы бітеліп калады.
Достарыңызбен бөлісу: |