«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет32/51
Дата15.02.2024
өлшемі280.68 Kb.
#491990
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

Полимерлердің пішіні:
  • Сызықты

  • Тармақталған

  • Кеңістіктік




Шығу тегіне қарай:
  • Табиғи (целлюлоза,белоктар,каучук т.б.)


  • Жасанда( нитроцеллюлоза,поливинил спирті,вискоза т.б)


  • Синтетикалық(полиэтилен, полипропилен,полистирол,полиамид,фенолды шайыр т.б) .




Негізгі тізбектің құрамына байланысты:


  • Гомотізбекті полимерлердің негізгі құрамы бірдей атомдардан тұрады, қосымша тізбектің құрамы есепке алынбайды. Егер тізбек көміртек атомынан тұрса, ондай полимерлерді карботізбекті деп атайды. Мысалы, полиэтилен, полипропилен, поливинилацетат.


  • Гетеротізбекті полимерлер тізбегінде көміртегіден басқа да металдардың атомдары (оттегі, күкірт, т.б.) кездеседі.


Құраушы буындардың санына байланысты:


  • Гомополимер деп макромолекулалары құрамы мен құрылымы бірдей қайталанатын құрылымдық бірліктерден (мономерлік бірліктерден) тұратын полимерді айтады.




  • Гетерополимерлер – молекулалары бірнеше түрлі мономерлерден тұратын полимерлер.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарын жалпы қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, сондай-ақ өндіру әдісіне қарай төрт типке бөледі:


  • Конструкциялық


  • пластиктер


  • Эластомерлер


  • Талшықтар мен жіптер


  • Қабыршақтар, лактар, бояулар




Қыздырғанда байқалатын өзгерістеріне байланысты полимерлік материалдар:


  • термопласты қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Термоплаты полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.


  • термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.

    Қасиеттері

    Полимердің келесі маңызды қасиеті — олар механикалық берік келеді. Беріктік қасиет полимерлердің тармақталу дәрежесі мен типіне байланысты. Тіпті молекулааралық байланыстар үлкейген сайын заттың қаттылығы да арта түседі, серпімділік модулі артып, салыстырмалы деформациялығы азаяды. Торлы құрылымды (кеңістіктік) полимердің қасиеттері алмаз тәрізді кристалл заттардың қасиеттеріне жақындайды. Сонымен полимерлердің беріктігіне әсер ететін факторлар қатарына молекулалық массасы, табиғаты, макро-молекулалардың бағдарлануы, құрылымдарының сипаты, тізбектерінің тігілу дәрежесі және т.б. жатады.



      • Полимердің электр өткізгіштігі



    Полимердің электр өткізгіштігі, әдетте, өте нашар. Олардың электрлік қасиетіне оған электр өрісін бергенде көрсететін қасиеттері сияқты диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және электр өткізгіштер болып бөлінеді.

    Полимерлердің жылу өткізгіштігі нашар. Жылуөткізгіштік дегеніміз — жылудың полимердің жылырақ бөлігінен суығырақ жеріне тасымалдануынан температураның теңесу процесі.


    Полимерлердің қолдану аясын кеңейте түсуге мүмкіндік беретін қасиеттерінің қатарына жеңілдігін, химиялық тұрақтылығын, әсемдігін және т.б. жатқызуға болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет