Қоздырғыштың берілу механизмі үш саты арқылы жүзеге асады:
*жұқтырылған организмнен бөліну сатысы;
*қоршаған ортада айналымы(циркуляции) сатысы;
*келесі организмге ену сатысы;
Берілу факторлары- қоздырғыштардың бір организмнен басқа организмге өтуін
қамтамасыз ететін, сыртқы орта элементтері.
ДИЗЕНТЕРИЯ
Анықтамасы. Бактериальді дизентерия (синонимі-шигеллез) -
шигеллалармен шақырылатын, фекальді-оральді жүқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальді бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын ішек инфекцияларының аурулар тобына жататын антропонозды ауру.
Этиологиясы. Бактериальды дизентерияның қоздырғышы - шигелла туыстығына жататын қозғалмайтын грам-теріс микроорганизмдер. Қазіргі жіктелуі бойынша шигеллалар 4 түрге бөлінеді: 1) Sh.disеnteгіае - бұған Григорьев-Шига, Штуцер-Шмитц және Лардж-Сакс бактериялары кіреді. 2) Sh. fIexneri - бұл түрдің ішіне Sһ.newcastle кіреді, 3) Sh.boydii, 4) Sh. Sonnei. 3онне шигелласынан басқа әрбір түрі бірнеше серовардан тұрады. Шигеллалардың қабырғасының құрамына эндотоксиндер-белокті-липосахаридті комплекс кіреді. Шигеллалардың құрамында эндотоксин бар, ол интоксикация белгілерін тудырады. Шигеллалардың экзотоксин түзу қабілеттігі бар, олардың ішінде энтеротоксин және цитотоксин бар. Энтеротоксин ішек құысына су мен электролиттің түзі- луіне себеп болады, ал цитотоксин ішектің эпителиальды жасушаларының мембраналарын зақымдайды. Григорьев-Шига шигелласы ең күшті токсин - нейротоксин түзеді. Шигеллалардың О- және К-антигені бар. О-антиген шигел- лалардың серологиялық арнайылығын көрсетеді, К-антиген қабықшаның структурасы болып табылады. Соңғы уақытқа дейін шигеллалардың физикохимиялық фактордың әсеріне тұрақтылығы төмен және олар сыртқы ортаға түскенде тез өледі деп есептелген. Соңғы жылдары сыртқы орта факторлары әсерінен олардың эволюциялық өзгергіштігі нәтижесін- де шигелла тұрақтылығы ана-ғұрлым жоғары болғаны туралы мәлеметтер пайда болды. Кейбір жұмыстарда дизентерия бактериялардың құбыр суларда 25-30 тәулік, топырақта жыл мезгіліне орай бірнеше айлар өмірін сақтай алатындығы көр- сетілген. Қоздырғыш тұрмыстық заттарда: жиһаздарда, төсек орнында, ойыншықтарда, ыдыстарда, есік тұтқасында т.б. зат- тарда ұзақ сақталуы мүмкін. Сондықтан, шигеллездің негізгі берілу жолы контактілі-тұрмыстық («лас қолдың ауруы» деп аталады). Шигеллалар дезинфекциялық заттар әсерінен тез тіршілігін жояды, тікелей күн сәулесінде 30 мин. дейін, ультракүлгін сәуледе 10 минутқа дейін тіршілік етеді.
сыртқы ортага тускенде тез өледі деп есептелген. Соңғы жылдары сыртқы орта факторлары әсерінен олардың эволюциялық өзгергіштігі нәтижесінде шигелла турақтылығы анағұрлым жоғары болганы туралы мәлеметтер пайда болды. Кейбір жұмыстарда дизентерия бактериялардың құбыр суларда 25-30 тәулік, топырақта жыл мезгіліне орай бірнеше айлар өмірін сақтай алатындыгы көрсетілген, Қоздырғыш турмыстық заттарда: жихаздарда, төсек орныда, ойыншықтарда, ыдыстарда, есік тұтқасында т.б. заттарда ұзақ сақталуы мүмкін. Сондықтан, шигеллездің негізгі берілу жолы контактілі-тұрмыстық («лас қолдьщ ауруы» деп аталады). Шигеллалар дезинфекциялық заттар әсерінен тез тіршілігін жояды, тікелей күи сэулесінде 30 мин. дейін, ультракүлгін сәуледе 10 минутқа дейін тіршілік сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |