«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет11/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Клиникалық көріністері: Клиникалық агымына байланысты дизентерияны жедел жэне созылмалы деп бөледі. Жедел дизентерия бірнеше күннен 3 айға дейін созылады, 3 айдан ұзаққа созылатын дизентерия созылмалы деп есептелінеді. Ауру жиі жедел түрде өтеді. Клиникалык вариантары: колиттік, гастроэнтероколиттік, гастроэнтериттік. Типтік түріне колиттік вариант, атиптік түріне гастроэнтероколиттік, гастроэнтеритгік варианттар жатады. Барлық варианттар кезінде міндетті түрде интоксикация синдромы қалыптасады. Ағымы бойынша жедел дизентерия жеңіл, орташа ауыр, ауыр дәрежеде болуы мүмкін. Созылмалы дизентерияның ағымы үздіксіз жэне рецидивті болуы мүмкін. Дизентерияның жедел түрі циклді процесс. Аурудың ағымында 4 кезеңді бөлу керек: жасырын, бастапқы, ершу жэне реконвалесценция (немесе аурудың нэтижелері). Аурудың жасырын кезеңі 1 -7 күн (көбінесе 2-3 күн).
Диагностикасы: 1) клиникалық-эпидемиологиялық мәлімеітер 2) лабораторлық диагностикасы
1) Қазіргі дизентерияның симптоматикасының әр түрлілігіне байланысты ауруларды кешенді түрде тексереді. Аурудың колиттік түрінде негізгі симптомдарға сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі, жиі іш өту, шырышпен қан аралас аз мөлшерлі нәжіетің пайда болуы, дене қызуының 38-39°С көтерілуі, тығыздалған ауру сезімді сигма тәрізді ішектің анықталуы жатады. Салыстырмалы диагностиканы өткізу қажет: салмонеллезбен, тағамдық токсикоинфекциялармен, тырысқақпен, амебиазбен, балантидиазбен, лямблиозбен, жедел хирургияльщ аурулармен жэне гинекологиялық патологиясымен.
2) Лабораторлық диагностикасы : а) копрологиялық зерттеу -нәжіс жағьшдысын микроскоп арқылы тексергенде лейкоциттерді, эритроциттер,эпителиальды жасушаларды, шырыштың ошақтарын аныктаута болады. Лейкоцщтердің 80% нейтрофильдер құрайды. б) RRS - ректороманоскопия: тоқ ішектің дистальды бөлігін (тік ішекпен сигма тэрізді ішекті) ректоскоп арқылы зертгеу. Жедел дизентерия кезінде катаральды, катаральды-эрозивті, катаральдыжаралы, фибринозды-некрозды проктосигмоидит, ал созылмалы дизентерия кезінде ішектің шырышты қабықшаларының әлсіз қабынуымен бірге атрофия ошақтары, крипталардың деформация анықталады. а) бактериологиялық зерттеуге алынады: нэжіс серологиялық зерттеу: дизентериялық антигенмен ТеГАР (РНГА), жұпты сарысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет