Жалпы металлургия


Домна пешінің горнындағы процестер. Шойындардың жіктелуі



бет18/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Домна пешінің горнындағы процестер. Шойындардың жіктелуі


Шойындардың болаттан айырмашылығы: құрамында жоғары көміртегінің және қоспалардың болуы: технологиялық көрсеткіштері бойынша құю қасиеті жоғары пластикалық деформацияға аз икемді болуы, пісіру конструкциясында қолданылмайды.


Шойындарды көміртегінің күйіне байланысты келесідей ажыратады:
Ақ шойын – көміртегі байланысқан түрінде болады, бұзғанда ақ түсті және металдық жылтыр болып келеді.
Сұр шойын – барлық көміртегі және оның көп бөлігі бос күйінде, графит түрінде болады, ал 0,8 % көміртегі байланысқан түрінде болады. Графиттің көп мөлшеріне байланысты оның сынығы сұр түс береді.
●Жарым – жартысы – көміртегінің жартысы бос күйінде, графит түрінде болады, 2 %-н астам көміртегі цементит түрінде болады. Техникада аз қолданылады.


3. Шойын маркасы. Сұр шойынның құрамы, қасиеті, жіктелуі және маркалануы

Сурет5. Графиттың қоспасының формасына және металдық негізіне байланысты шойынның микроқұрылым схемасы

Ең көп таралған шойындар құрамы 2,4...3,8% көміртегі бар. Көміртек мөлшері көп болған сайын, графит көбірек түзіледі және оның механикалық қасиеті төменірек болады,


сондықтан, көміртек мөлшері 3,8% -ден аспауы қажет. Сонымен қатар, жоғары құйылу қасиеттерін алу үшін көміртек мөлшері 2,4%-тен кем болмауы қажет.
Шойын құрамының графитизация процесіне әсері.
Көміртек пен кремний графитизацияның жүруіне жағдай жасайды, марганец процесті қиындатады және шойынның ағартылуына жағдай жасайды. Күкірт шойынның ағартылуына жағдай жасайды және құйылу қасиеттерін нашарлатады, оның мөлшері – 0,08...0,12%.
Фосфор графитизация процесіне әсер етпейді, бірақ сұйық аққыштығын жақсартады. Фосфор шойындарда пайдалы қоспа болып саналады, оның мөлшері – 0,3...0,8%.
Құйманың механикалық қасиеттеріне графиттің әсері.
Графиттік қоспаны шойын құрамындағы бос форма ретінде қарастыруға болады. Осындай ақаулардың қасында күш түсірілген кезде күштену(напряжения) жиналады, олардың шамасы жоғары болған сайын ақаудың өткірлігі де жоғарылайды. Сондықтан, пластинкалы формалы графиттік қоспалар максималды мөлшерде металл беріктігін төмендетеді. Одан жақсырағы жапалақ формалы, ал үйлесімдісі шарлы формалы графит. Сұр шойын үшін салыстырмалы ұзару (δ) 0,5%, соғылымды шойын үшін 10%-ке дейін, жоғары төзімді шойын үшін 15% дейін болады. Графиттің бар болуы шойынның қатты күштенуге қарсы әсерін төмендетеді, әсіресе: ұру және айыру. Қысуға қарсы әсері аз төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет