Жалпы металлургия



бет17/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Бақылау сұрақтары:



  1. Отынның сапасы қандай сандық көрсеткіштермен бағаланады?

  2. Электронды-сəлелі қыздыру туралы не білесіз?

  3. Отынды жағу үшін қолданылатын ауа қандай мақсатта қыздырылады?

  4. Электр энергиясын жылу көзі ретінде қолданудың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін тұжырымдаңыз.

  5. Тікелей түйіспелі қыздыру жанамадан қалай ерекшеленеді?

  6. Электр доғасы плазма ағынынан немен айрықшаланады?



Дәріс 5. Шойынға сипаттама




Жоспар


  1. Домна пешіндегі шойын мен шлактың түзілуі.

  2. Домна пешінің горнындағы процестер. Шойындардың жіктелуі

  3. Шойын маркасы Сұр шойынның құрамы, қасиеті, жіктелуі және маркалануы




    1. Домна пешіндегі шойын мен шлактың түзілуі


Шлактың түзілуі. Жоғары температурада руданың құрамындағы бос жыныс отын күлі және флюспен қосылып шлак түзеді. Шлак түзілу үдерісі шахтаның төменгі жағынан басталады. Шлактың құрамында алғашқы кезде 20%-ке дейін темір тотығы мен қоспа бөлшектердің тотықсыздануынан шлак ағып пештің түбіне түскенде, оның құрамындағы бөлшектер мөлшері азайып, ізбес тасы көбейеді [1,5].


Кешенді темір рудалары (табиғи игерілген рудалар) – құрамында титан, никель, ванадий бөлшектері кездесетін тау жыныстары. Руданың мұндай түрі Оңтүстік Оралда, Орск-Халилов кенінде кездеседі. Бұл бөлшектер руданы қорыту үдерісінде балқып, шойынмен араласып кетеді. Әдетте шойынның құрамында оның маркасына байланысты әртүрлі мөлшерде марганец элементі болады. Шойынның құрамындағы марганец элементінің мөлшерін берілген шамаға дейін жеткізу үшін балқыту процесінде оған құрамында 25-48% MnO, Mn3O4, Mn2O2 марганецті руда қосады. Марганец рудасының бай кені біздің елімізде және Грузияның Чиатура, Украинаның Никополь аудандарында кездеседі. Шойынның микроқұрылымы 4 суретте келтірілген.



Сурет 4. Шойынның микроқұрылымы


Домна процесінде жоғарыда аталған рудалардан өзге құрамында темір мен марганец бөлшектері бар металлургия өндірісінің қайталама қалдықтары да пайдаланылады. Қайталама қалдықтарға темір рудасымен қосып пісірілетін, құрамында 40-45 % темір бар колошник шаңы және болат өндірісінің шлагы, прокат, соғу цехтарының қақтары мен пісіру шлактары жатады [1,7].




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет