Жалпы металлургия



бет33/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Бақылау сұрақтары:



  1. Жоғары көміртекті феррохром балқымасы үшін керек шихта жəне балқытылған қорытпа құрамы

  2. Ферроқорытпа түрлері және оларды тағайындау

  3. Ферромарганец өндірісі

  4. Ферросилиций өндірісі

  5. Феррохром өндірісі



Дәріс 9. Ауыр түсті металдар металлургиясы (мыс, мырыш, қорғасын)


Жоспар


1Ауыр түсті металдар металлургиясы
2 Мыс металлургиясында күйдіру процесі

  1. Қорғасын металлургиясындағы күйдіру

  2. Мырыш концентраттарын күйдіру



1Ауыр түсті металдар металлургиясы


Мыс – ақшыл-қызғыл түсті металл.
Әлемдік қорының шамамен 90 % 4 сульфидке тіреледі - халькопирит CuFeS2 (34,5 %), борнит Cu5FeS4 (52-65 %), халькозин Cu2S (79,8 %).
Кешенді мыс кендерінде – мыс минералдарынан басқа темір, қорғасын, цинк, молибден, жиі күшәна мен сурьма, кейде алтын, күміс, селен және тағы басқа қосылыстар кездеседі.
Қазақстандағы негізгі өндірістік түрлері:
- мысты құмдар мен сланецтер (Жезқазған)
- мысты-порфирді (Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы)
- скарді кендер (Саяқ)
Барлық кен орындарынан аса маңыздылары:
- мысты құмдар (51 %): Жезқазған, Жаман-Айбат;
- мысты-порфирді (26,5 %): Қоңырат, Бозшакөл, Нұрқазған;
- мыс-колчеданды кен орындар (14,5 %): Көктау, Приор
- скарді (7,9 %): Саяқ 1, Тастау
Өңделген мыстың жартысы электротехникалық салаларында қолданылады. 20 % түрлі арнайы өндірістік құрылғыларды дайындауға қолданылатын өнеркәсіптерге, 10 % құрылысқа және көліктік өнеркәсіптеріне жіберіледі.
Цинк – ақшыл-көк түсті, орташа қаттылығы болатын металл.
Цинктің негізгі минералдары сульфидті кендерінде – сфалерит ZnS – кездеседі.
Қазақстанда цинк пен қорғасын қорлары бар 38 кен орындары табылды, оның ішінде 20 ең маңыздысы. Олар:
- Шығыс Қазақстан 9 (Малеев, Орлов, Николай, Риддер-Сокол, Ново-Лениногрск);
- Орталық Қазақстан 6 (Жайрем, Жезқазған, Абыз, Майқаин, Қосмұрын);
- Оңтүстік қазақстан 2 (Шалқия, Талап);
- БатысҚазақстан 2 (Көктау, Приор);
- Солтүстік Қазақстан (Шаймерден)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет