Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет159/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   246
74-132

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2. «Физика» оқу бағдарламасының мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері мынадай болып табылады:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
2-тарау. «Физика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Физика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны 9 бөлімді қамтиды:
1) механика;
2) молекулалық физика;
3) электр және магнетизм;
4) тербелістер;
5) толқындар;
6) оптика;
7) кванттық физика;
8) нанотехнология және наноматериалдар;
9) космология.
6. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) кинематика;
2) динамика;
3) статика және гидростатика
4) сақталу заңдары;
5) гидродинамика.
7. «Молекулалық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалық физика;
2) газ заңдары;
3) термодинамика негіздері;
4) сұйық және қатты денелер.
8. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электростатика;
2) тұрақты ток;
3) әртүрлі ортадағы электр тогы.
4) магнит өрісі;
5) электромагниттік индукция.
9. «Тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) механикалық тербелістер;
2) электромагниттік тербелістер;
3) айнымалы ток.
10. «Толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электромагниттік толқындар.
11. «Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық оптика;
2) геометриялық оптика.
12. «Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
13. 10-сыныпқа арналған «Физика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Кинематика». Дене қозғалысы кинематикасының негізгі теңдеулері мен графиктері; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы;
2) «Динамика».Бүкіл әлемдік тартылыс заңы; гравитациялық өрістегі дене қозғалысы;
3) «Статика және гидростатика». Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері, қатынас ыдыстар; Паскаль заңы, атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі.
4) «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс және энергияның сақталу заңдары, серпімді және серпімсіз соқтығысулар;
5) «Гидродинамика». Газдар мен сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы, денелердің тұтқыр сұйықтағы қозғалысы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу»;
6) «Молекулалық физика».Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары, термодинамикалық параметрлер қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың моделі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі;
7) «Газ заңдары». Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс;
8) «Термодинамика негiздерi». Идеал газдың ішкі энергиясы, термодинамикалық жұмыс, жылу мөлшері, жылусыйымдылық, термодинамиканың бірінші заңы, термодинамиканың бірінші заңын әртүрлі процестерге қолдану, адиабаталық процесс, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары;
9) «Сұйық және қатты денелер». Қаныққан және қанықпаған бу, ауаның ылғалдылығы, сұйықтың беттік керілуі, жұғу, қылтүтіктік құбылыстар;
10) «Электростатика». Электр заряды, Кулон заңы, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс, электрсыйымдылық; конденсаторлар; электр өрісінің энергиясы;
11) «Тұрақты ток». Электр тогы, ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы, электр тогының жұмысы мен қуаты, ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті, пайдаланылған энергия құны;
12) «Әртүрлі ортадағы электр тогы». Металдардағы электр тогы; жартылай өткiзгiштердегi электр тогы, электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы, электролиз заңы, газдардағы және вакуумдегi электр тогы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: «Электролиттердегі электр тогының пайда болуын зерттеу»;
13) «Магнит өрісі». Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері, Ампер тәжірибесі, магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері;
14) «Электромагниттiк индукция». Магнит ағыны, электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы;
14. 11- сыныпқа арналған «Физика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Механикалық тербелістер». Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері;
2) «Электромагниттік тербелістер». Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық;
3) «Айнымалы ток». Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; электр тізбегіндегі кернеу резонансы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»;
4) «Электромагниттік толқындар». Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;
5) «Толқындық оптика». Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»;
№ 3 Зертханалық жұмыс: «Поляризация құбылысын бақылау»;
6) «Геометриялық оптика». Геометриялық оптика заңдары, жазық-параллель пластинадан шағылу, толық ішкі шағылу; оптикалық құралдар;
№ 4 Зертханалық жұмыс: «Шынының сыну көрсеткішін анықтау»;
7) «Атомдық және кванттық физика». Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; электромагниттік сәулелену шкаласы; фотоэффект; фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; лазерлер;
8) «Атом ядросының физикасы». Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;
№ 5 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыырау периодын анықтау»;
9) «Нанотехнология және наноматериалдар». Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар;
10) «Космология». Жұлдыздар классификациясы; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет