Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-



бет206/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   246
74-132

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Құқық негіздері» оқу пәнін оқыту білім алушылардың қазіргі қоғамдағы құқықтық және саяси қатынастардың субъектісі ретінде, өз құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.
3. Оқу пәнінің мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымы бар, құқықтық тұрғыдан сауатты тұлғаны тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық білімді тәжірибеде қолдана алу дағыдыларын дамыту.
4. Оқу пәнінің міндеттері:
1) әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін тереңдету және кеңейту;
2) қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту;
3) құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну;
4) қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру;
5) оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
6) әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес іс-әрекеттерді таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу біліктерін дамыту;
7) қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту;
8) қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет