Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет22/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   246
74-132

2-тарау. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны

6. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 6 сағат, оқу жылында 216 сағатты;

  2. 11-сынып – аптасына 6 сағат, оқу жылында 216 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімінің мазмұны бөлімдерге бөлінген:
«Оқу және түсіну», «Талдау және жинақтау», «Бағалау және шығармашылық өнім», сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. «Оқу және түсіну» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қолданысын түсіну;
2) шығарма үзінділерімен жұмыс;
3) шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн;
4) көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі;
5) интерпретация (ауызша, жазбаша).
9. «Талдау және жинақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициялық құрылымы;
2) көркем шығарманың образдар жүйесі, типтік характер;
3) көркем шығарманың тілі, стилі;
4) көркемдік тәсілдер;
5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
10. «Бағалау және шығармашылық өнім» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи шындық және көркемдік шешім;
2) көркемдік құндылығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
11. 10-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) оқу және түсіну: шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу; жекелеген нысандардың (деталь, портрет, монолог) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну; әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; көркем шығарманы өзге жанрда ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау;
2) талдау және жинақтау: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау; шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау; әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
3) бағалау және шығармашылық өнім: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау; шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру; шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
ХІХ ғасыр әдебиеті
1) Сал-серілер поэзиясы;
2) Біржан сал Қожағұлұлының «Ләйлім шырақ», «Жанбота» ән-өлеңдері;
3) Ақан сері Қорамсаұлының «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Құлагер», «Қараторғай» ән-өлеңдері;
4) Әнші ақындар шығармашылығы: Әсет, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Үкілі Ыбырай, Естай, Балуан шолақ, Шашубай, Иман Жүсіптердің ән-өлеңдері.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет
5) Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы;
6) А.Байтұрсынұлының «Жиған-терген», «Маса» өлеңдері;
7) М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы;
8) Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы;
9) С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» поэмасы, «Таныстыру» өлеңі;
10) М.Жұмабаевтың «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары;
11) Ж. Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі.
1920-1940 жылдардағы әдебиет
12) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы;
13) Б.Майлиннің «Майдан» пьесасы;
14) І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы;
15) М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
1950-1960 жылдардағы әдебиет
16) Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы;
17) Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы;
18) Қ.Бекхожиннің «Батыр Науан» поэмасы;
19) М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі;
20) Ж Молдағалиевтің «Қыран дала» поэмасы;
21) Д.Әбіловтің «Ақын арманы» романы.
13. 11-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) оқу және түсіну: шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік, символдық қызметін түсіну; көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс; көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну; әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну; көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін сақтай отырып өзге нысанда (киносценарий, инсцинировка) интерпретациялау;
2) талдау және жинақтау: әдеби шығарманың композициясын, жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау; қаламгердің даралық стилін талдау (шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін талдау); шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау; қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау;
3) бағалау және шығармашылық өнім: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау; шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру; көркем шығарманың гуманистік, жалпыадамзаттық, рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу.
14. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1960-1980 жылдардағы әдебиет

  1. І.Есенберлиннің «Қаһар» романы;

  2. К.Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» повесі;

  3. Ж.Нәжімеденовтің «Келін» поэмасы;

4) Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі;
5) Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романы;
6) Ә.Кекілбаевтің «Үркер» романы;
7) Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы.
1990 жылдардағы қазақ әдебиеті
8) Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы;
9) Қ.Мырза-Әлінің «Қызыл кітап» поэмасы;
10) С.Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» романы;
11) М.Мағауиннің «Шақан-шері» романы;
12) Ш. Құсайыновтың «Томирис» драмасы.
Тәуелсіздік жылдардағы әдебиет
13) Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы;
14) Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы;
15) О.Бөкейдің «Атау кере» повесі;
16) Ұ. Есдәулетовтің «Натюрморд» поэмасы;
17) Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» драмасы.
ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті
18) Қазіргі қазақ лирикасы;
19) Поэмадағы көркемдік ізденістер;
20) Жаңа ғасыр романы;
21) Повестегі дәстүр және жаңашылдық;
22) Қазақ әңгімесінің көркемдік көкжиегі;
23) Драматургияның жаңа өрісі;
24) Әдебиеттану және сын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет